«Атырау – Нұр-Сұлтан» пойызы уақытша тоқтатылды

Жаңалықтар Қоғам

14 шілде, 2020 жыл. Азаматтар аталған бағытқа сатып алған билеттерін кері қайтарып, қаражаттарын толық көлемде ала алады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шешім Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің және мемлекеттік комиссияның өкімімен қабылданған.

«2020 жылдың 13 шілдесінен бастап «Атырау – Нұр-Сұлтан» («Нұрлы жол») № 47/48 жолаушылар пойызы Атырау қаласынан, 15 шілдеден бастап Нұр-Сұлтаннан («Нұрлы жол» вокзалы) жол жүруін уақытша тоқтатады», – делінген хабарламада.

Жолаушы пойыздарының қозғалыс кестесі туралы барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөміріне хабарласып білуге болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін өңірде «Алматы – Атырау», «Ақтөбе – Атырау», «Маңғыстау – Атырау» бағытындағы пойыз қозғалысын тоқтату туралы шешім қабылданған еді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған