Атырау гарнизонының әскери полициясы қала күзетіне кірісіп кетті (+ВИДЕО, ФОТО)

e98a1038 scaled COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/6 сәуір, 2020 жыл. Атырау гарнизонының әскери қызметшілері полиция қызметкерлерімен бірге Ковид-19 індетіне қарсы іс-шараларға тартылды. Олардың басты міндеті – қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті бақылау және қала тұрғындарының карантин ережелерін сақтауын қадағалау.

https://www.youtube.com/watch?v=lDQ6z-sIG5A

Атырау гарнизоны мен әскери полиция қызметкерлерінің, облыстық полиция департаментінің бірлескен патрулі күн сайын таңғы 7.00-ден кешкі 19.00-ге дейін жүргізіледі. Күн сайын олар қоғамдық жерлерде бақылау жүргізіп, карантин режимінің ережелерімен таныстырумен айналысады. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық әскери қызметші қатысты.

Сонымен қатар, әскери полиция бөлімінің қызметкерлері қалада күнделікті дезинфекция жүргізетін әскери техниканы ілестіріп жүруге және блок-посттарды бақылауға қатысады.

Әскери қызметкерлердің карантиндік шараларға қатысудағы негізгі мақсаты азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау болып табылады. Сонымен қатар, әскери қызметшілер өздерінің атқаратын міндеттеріне түсіністікпен қарап, жұмысқа қолдау көрсетеді деп сенеміз.

Рүстем ИГІСІНОВ,

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз қызметі, капитан

(Видеода сұхбат беруші: Атырау гарнизонының әскери полиция бөлімшесінің бастығы, майор Бейбіт Касенов)

9
7
e98a1035
8
http://atr.kz/bez-rubriki/elimizde-koronavirus-zh%d2%b1%d2%9btyr%d2%93andar-sany-600-den-asty/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз