Атыраудағы Назарбаев мектебіне 7-сыныптан бастап оқушыларды қабылдау басталады

НИШ ХБН Атырау 8 Білім

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 7-сыныптан бастап 2018-2019 жаңа оқу жылына оқушыларды қабылдау басталатынын хабарлайды. Конкурстық іріктеуге үміткерлерден құжаттарды қабылдау 2017 жылдың 27 қарашасынан бастап, 2018 жылдың 20 қаңтарына дейін жүргізілмек.

НИШ ХБН Атырау (8)

Қабылдау комиссиясы Нұрсая ықшамауданы, 11/22 мекен-жайындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде орналасқан. Құжаттар жұмыс күндері сағат 08:30-дан 17:30-ға дейін, ал сенбі күні сағат 09:00-ден 12:30-ға дейін қабылданады.

ЛОГО НИШ (2)

Толық ақпарат және тиісті құжаттар тізімі мына сілтемеде орналасқан: http://www.nis.edu.kz/kz/applicants/evets-pupil/?id=6816

Анықтама телефоны: + 7 (71 22) 558-551

Айдос Қарабала

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз