Атырауда 2018 жылы 220 шақырым жол жөнделеді (ФОТО)

IMG 20171106 WA0001 Жаңалықтар

Биыл қалалық әкімдік жүргізілген инфрақұрылым аясында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық желісі бойынша 311 көшені, құрылыс бөлімі арқылы 139 көшені  асфальттауды жоспарлады, – деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG-20171106-WA0001

2017 жылы облыста 296,6 шақырым жол салынды, оның 236,6 шақырымы Атырау қаласында. Облыс орталығында асфальттанған жолдың негізгі көлемі қала маңындағы селолық округтерге тиесілі.

IMG-20171106-WA0000

Осы орайда, 5 қараша күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қала маңы аумағындағы жол құрылысын тексерді. Атырау қаласының әкімі Серік Шапкеновтің айтуынша, жоспарланған жол көлемі аяқтала келген, құрылыс қараша айының алғашқы жартысында бітеді.

IMG-20171106-WA0002

Сонымен қатар, 2017 жылы жалпы ауданы 21 800 шаршы метр автокөлік жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ұзындығы 220 шақырым болатын 207 көшенің жол-құрылыс жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттама жасау үшін жергілікті бюджеттен 450 млн. теңге бөлініпті. Бұл жұмыстар 2018 жылы басталады.

IMG-20171106-WA0003

«Көшелерді асфальттау жұмыстары елдімекеннің даму жоспарына сәйкес жүйелі түрде жүруі керек»,-деді құрылыс қарқынымен танысқан аймақ басшысы. «Біздің міндетіміз халықты сапалы да жақсы жолмен қамтамасыз ету».

IMG-20171106-WA0005

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев тексеру қорытындысымен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

IMG-20171106-WA0006

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Динара

    Сәлеметсізбе!
    Қандай елді мекендерге салынатыны жөнінде толығырақ ақпарат сухбат жаза аласызба