Атырау облысына жаңа прокурор тағайындалды

prokuror syibankulov 1 Жаңалықтар

Бүгін Мемлекет басшысының келісімімен Бас Прокурор Жақып Асановтың 28 тамыз 2017 жылғы  бұйрығымен Атырау облысының прокуроры лауазымына Сыбанқұлов Ернат Мұхаметқалиұлы тағайындалды.

prokuror-syibankulov-1

Ернат Сыбанқұлов осы қызметте 2012 жылдан бері қызметте болған Тоғызбаев Ғалымжан Исатайұлын ауыстырды.

Сыбанқұлов Е.М. 1973 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Ол қызметін прокурордың көмекшісі лауазымынан бастаған. Кейіннен Алматы қаласы Мәскеу және Медеу ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алматы қаласы Түркісіб және Медеу ауданы прокурорының орынбасары, Алматы қаласы Еңбекшіқазақ, Алмалы және Медеу ауданы прокуроры, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары болды.

2012 жылдан бері Жамбыл облысы прокурорының лауазымын атқарды.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз