Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры – Алматыда

8aa3802c73412c4685556ba1236784cb Жаңалықтар

Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры Алматы қаласының театрсүйер көрерменімен дидарласып, қала халқына шоқтығы биік туындыларын паш етпек. 

8aa3802c73412c4685556ba1236784cb-600x350

Астананың 20 жылдығы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтетін гастрольдік сапар барысында көрермендер театр репертуарындағы рухани құндылығы мен тағылымы терең қойылымдарды тамашалай алады. Спектакльдер М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 17–21 сәуір аралығында, сағат 18.30-да сахналанады.

Көрерменге ұсынылатын қойылымдар:

18-21 сәуір Р.Киплингтің «Маугли» ертегісі;

17 сәуір И.Ғайыптың «Сүйінбай» тарихи драмасы;

18 сәуір Ш.Айтматовтың «Мәңгүрт» драмасы;

19 сәуір Е.Домбаевтың «Келін» мұңды комедиясы;

20 сәуір Ш.Айтматовтың «Бетпе бет» драмасы;

21 сәуір Р.Отарбаевтың «Бас» драмасы.

Айта кету керек, 2018 жылдың 18 ақпан күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы бойынша Атырау облыстық Махамбет атындағы қазақ драма театры «Академиялық» дәреже алған болатын. Сонымен қатар, биыл театрдың құрылғанына 80 жыл толып отыр.

Хорлан СМАДИЯР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз