Астана мен Елбасы егіз ұғым

261e85a58352298ad913fa727b5b5cdd Жаңалықтар

Atr.kz/22 наурыз, 2019 жыл. «Астанаға Елбасының атауы әу бастан берілуі тиіс еді» дейді жазушы Мереке Құлкенов.

«Себебі, Астананың Астана болуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тікелей еңбек сіңірді. Сарыарқа төсінде орын тепкен Бас қаламыз қысқа мерзім ішінде сәулеті мен дәулеті жарасқан заманауи қалаға айналды. Бүгінде Астананы әлем жаһандық деңгейдегі маңызды шешімдер қабылданатын бас қала ретінде біледі. Астана өркениеттің, өрлеудің, мәдениеттің ордасы.

Mereke Kulkenov1

Бір ғана Бейбітшілік және келісім сарайын алайықшы. Осынау ғимаратта бұған дейін бірін-бірі мойындамай келген қаншама елдердің саяси қайраткерлері, діни лидерлері бас қосты. Елімізде бірнеше мәрте өткен Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі ғаламды ізгілік деп аталатын игі мұрат жолында бірігуге үндеді емес пе? Олай болса, Астана мен Елбасы есімінің егіз ұғым ретінде қатар жүруі де заңдылық. Сондықтан, Елордаға қуатты Қазақстанның негізін қалаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының есімінің берілуін қолдаймын» деп түйіндеді сөзін спикер.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз