АСА АРДАҚТЫ АТЫРАУЛЫҚТАР МЕН ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ!

Халқымыз қаhарлы қыстың ызғарын ысырып, көгілдір көктемнің нұрымен енетін, күн мен түнді теңестірген Ұлыстың Ұлы күнін жылдың басы санаған. Тіршілік біткен қайта түлеп, жаны мен малы аман ағайынның бір-бірімен ақ дастарханда қауышқан осынау шуақты шаққа Егеменді еліміз, мұнайлы өлкеміз бен сүйікті шаhарымыз да толағай табыстармен қадам басты. Қол жеткізген жетістіктеріміз – мемлекетіміздің іргесі сөгілмеген бірлігінің, берекелі тірлігінің арқасы. Ұлтымыздың жеті қазынасына балаған Жылқы жылынан да күтер үмітіміз көп, межелі мақсаттарымыз мол.  Игі бастамалардың оң нәтижесіне ортақ мүдде мен баршамыздың ауызбіршілігіміз, жұмыла жасаған жұмыстарымыз арқылы қол жеткізетініміз сөзсіз.

 

Ендеше, ертеңіміз үшін алаңсыз өмір кешіп, еңбек еткен Отанымыздың бейбітшілігі баянды болып, әр шаңырағына құт дарысын демекпін. Әрдайым дендеріңізге саулық, істеріңізге сәттілік, отбасыларыңызға ұзақ та бақытты, тату-тәтті ғұмыр тілеймін!

Ізгі ниетпен,
Атырау қаласының әкімі
 Серік Айдарбеков.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз