Америкалық ару «Дударай» әнін қазақша айтты (ВИДЕО)

Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық Тимур Балымбетов пен америкалық ару Эбби Гилберт әйгілі халық әні «Дударайды» орындап желі қолданушыларының сүйіспеншілігіне бөленді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Балалық шағы мен жастық шағын Қазақстанда өткізген Эбби Гилберттің тілі қазақшаға жатық. Қазіргі уақытта ол АҚШ-та тұрып, білім алуда. Тимур Балымбетовпен Cinderella музыкалық туындысын бірге орындаған соң олар достық қарым-қатынас орындатып, бірге ән жаздыруды жалғастыруда.

«Дударай» әні орыс қызы Мария Рыкина мен қазақ жігіті Дүйсеннің махаббатына арналған. Алайда бұл әннің шығу тегі жайлы бірнеше нұсқа бар. Бірі бұл әнді қазақшаға судай Марияның өзі шығарған десе, бірі қос ғашыққа арнап Дүйсеннің досы шығарған деседі.

Еске сала кетсек, бұл әнді  «Geo Folk Tour» жобасына қатысқан грузиндік әншілер де орындаған болатын.

Айқара Ғұмар

Видео Youtube желісінен алынған

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған