Атырауда мемлекеттік қызметшілер марапатталды

81b80071 0754 4d8b a8cc 064f2c5a83c4 Жаңалықтар

​«23 маусым – Мемлекеттік қызметші» күніне Атырауда  салтанатты шара өтті. Облыс әкімі аппаратының басшысы Болат Исаков және облыстық  мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ерлан Ермаханбетов мемлекеттік қызметтің маңыздылығын, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдағы ролі мен жауапкершілігіне маңыз беріп, барлық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтады.

2c7e4f80 8ad0 4af2 b4bc d474b614db94

Шарада мемлекеттік қызметті дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқали және Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлжанар Өтешова «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен және салада ұзақ жылдар еңбек етіп, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарған бірқатар мемлекеттік қызметшілер облыс әкімінің, департамент басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ, қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» республикалық конкурсының өңірлік деңгейдегі жеңімпаздары – Атырау облысы экология департаменті, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасы, Исатай ауданы экономика және қаржы бөліміне департамент басшысының арнайы дипломдары табысталды.

5a62e388 7000 46df 966c 1182ce13ff0d

Кәсіби мерекені тиісті деңгейде атап өту мақсатында ұйымдастырылған Спартакиаданың командалық есептегі жеңімпаздары – I орын иегері облыстық мемлекеттік кірістер департаменті, II орын иегері Атырау облысы әкімдігі, III орын иегері Құрманғазы ауданы әкімдігінің командалары марапатталып, жеңімпаз кубоктары табысталды.

Атап өту қажет, облыста 3000-ға жуық мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Олардың 34%-ын ерлер, 66%-ын әйелдер құрайды. Ал, саяси қызметкерлер саны – 12 бірлік. Гендерлік саясат бойынша басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі 33%-ға тең болса, жастардың үлесі 16%-ды құрап отыр.

17380b19 0bff 42ed a7fa cad953fbfb24

Өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің қатарында «Болашақ» халықаралық степендиясы және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 14 түлегі қызмет етуде.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз