ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙҒА – БАСТЫ НАЗАР

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы облыстық филиалының біріккен сегізінші пленумында, алдымен, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының орталық комитетінің VI пленумында қабылданған «Қазақстан Республикасының әлеуметтік - саяси дамуы және ҚКХП әрекеттері» туралы Орталық комитетінің хатшысы Айқын Қоныровтың баяндамасы талқыға салынды. Бұл жөнінде партияның облыстық филиалы баспасөз хатшысы Гүлжан Инжелова хабарлады.

 

Күн тәртібінде белгіленген, облыстық филиалдың атқарған қызметі туралы баяндаған ҚКХП облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев жергілікті жерде халықтың әлеуметтік жағдайын жоғарылатуда жергілікті билік органдарымен бірлесе отырып біршама жұмыстар жүргізілгенін айтты.
Соңғы жарты жылда партия қатарына 72 мүше алынған, қазіргі кезде коммунистер саны 5112 жетсе, 232 бастауыш партия ұйымы бар.
Пленум барысында ҚКХП кезектен тыс VIII съездің қаулысында қабылданғандай, бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы жасы 30-70 жас аралықта болуы керектігі айтылған болатын. Осыған байланысты ҚКХП облыстық филиалының бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы Жаукен Көшенов бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы қызметінен босатылып, ҚКХП-ның облыстық филиалы Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланды. Ал, бақылау-тексеру комиссиясының төрайымы лауазымына Тәнзила Құспанова тағайындалды.

Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз