Алдағы күнге үлкен үмітпен қарасақ…

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Қоғам

Atr.kz/13 шілде, 2020 жыл. Бүгінгі жалпыұлттық аза тұту күні, біз, жағдайы жоқтарға тегін жайлы баспана салумен айналысатын Жылыой ауданының жастары, аты жаман аурудан көз жұмғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтқымыз келеді.

Жалпы, қазақ елі өз тарихында қанды қырғынды да, алапат аштықты да, басқаны да көріп келе жатыр. Үлкендер әр заманның өз зары болатынын айтып отырады. Бүгінде ел басына туып отырған бұл қиындықтар да артта қалар деп сенім білдірейік. Бәрі де біздің ерік-жігеріміз бен күш-қайратымызды таразыға салатын сынақ деп түсінген жөн. Сыннан сүрінбей өткендер ғана жеңіске жетеді.

Сондықтан белді бекем буып, жаһанды жайлаған жұқпалы дертпен тынбай күресу керек. Қазір ең бастысы – аурумен арпалысып жатқан жандарды емдеп алу қажет. Бұған тек дәрігерлер ғана емес, әрбір ел азаматы, өңірдің әр тұрғыны атсалысуы керек деп ойлаймын. Осынау сын сағатта теңізге тамған тамшыдай болар аз ғана жақсылықтың өзі зор мәнге ие.  Олай болса, барша атыраулықтар мен ел азаматтарын мұқтаж жандарға қол ұшын беруге шақырамын.

Диас ИБАТАЕВ,

ерікті жас

Жылыой ауданы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған