САРАПТАМА ЖАСАСАҢ, САЙТҚА ЖҮГІН!

Басты жаңалық

 Семинар жұмысына облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімов, «Мемсараптама» РМК-ның аппарат жетекшісі Тауфик Каримов, әдістемелік бөлімінің бастығы Елік Ақанов, аталған кәсіпорынның Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары бойынша филиалдарының директорлары, сондай-ақ, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің өкілдері, мемлекеттік сараптама тапсырысшылары, батыс облыстардағы жобалау мекемелерінің мамандары және «Қазақстанның телерадиохабар тарату ұлттық ассоциациясы» АҚ-ның электронды жүйе жасақтаушылары қатысты. 

Шараны облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Әдиетұлы кіріспе сөз сөйлеп ашты. 

– Сараптау қызметін реформалау, сондай-ақ, ашықтық пен айқындық қағидаларын жүзеге асыру мақсатында жобалық-сметалық құжаттарды электронды түрде қабылдау жүйесін енгізіп отырмыз, – деді «Мемсараптама» РМК-ның өкілі Тауфик Каримов мырза. – Өтініштерді www.epsd.kz порталы бойынша қабылдау үстіміздегі жылғы 1 сәуірден бастап жүзеге асатын болады. 

Аталған жобаны өмірге енгізу мақсатында «Мемсараптама» РМК мен оның облыстық филиалдарының қызметіне арнайы ақпараттық жүйе енгізіліп отыр. Бұл жүйе мемлекеттік сараптамаға жобалық құжаттарын тапсырған өтініш берушілермен арада интерактивті байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Аталған электронды қызметтің тағы бір тиімді жағы сол, жобалық-сметалық құжаттарды қарап, талқылаудың мерзімі де едәуір қысқармақ. Сонымен қатар, өтініш беруші құжаттардың мемлекеттік сараптамадан өту барысын дистанциялық бақылауда ұстап отыра алады.  

Өтініш беру порталдың «жеке кабинеті» арқылы жүзеге асады. Тапсырыс беруші интернет порталмен жұмыс жасау үшін міндетті түрде оған тіркелуі және электронды түрде ұсынылатын құжаттардың талаптарымен танысуы керек. Бұл талаптар порталдың басты бетінде орналасқан. Құжаттар «Мемсараптама» РМК-ның ресми интернет сайты (www.epsd.kz) арқылы тапсырылады және тапсырысшы аумақтық бағынысы бойынша өзіне керекті филиалды таңдайды.

 Семинарда басқа да мәселелер талқыланып, осы салаға қатысты міндеттер сараланды.

Диас НАУРЫЗӘЛИЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған