ӘМБЕБАП ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ

1 қарашадан бастап елімізде жол-патрульдік полиция (әмбебап полиция) қызметіне ресми түрде кірісті. Кеше облыстық әкімдіктің алдындағы алаңда осыған орай шара өтті.
Облыстық ІІД бастығының орынбасары Нұрым Оразбаевтың айтуынша, әмбебап полицияға жүктелген жүк ауыр. Ол қоғамдық қауіпсіздікті, халықтың тыныштығы сақталуын қадағалайды, жол бойындағы тәртіпке де жауапты. Сондықтан, осынау жауапкершілікті абыроймен атқару қажеттігін алаңда сап түзеген сақшыларға қайталап еске салды.

– Енді жөнді-жөнсіз көліктерді тоқтата берудің қажеті жоқ. Тек үш жағдайда ғана – орталық басқару орталығынан хабар берілген күнде, қылмыстық іске байланысты, сонымен қатар жол ережесі бұзылған кезде ғана техника тоқтатылады, – деді Н.Оразбаев.
Облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шәріпов тың жобаның артықшылықтары турасында шара соңында журналистерді жинап, айтып берді.

Азамат БАЗАРБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз