ҰЛТТАР ТАТУЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

облыстық филиалының төрағасы Владимир Заверткинді қабылдап, мерейлі 60 жасымен құттықтады.
- Владимир Заверткин он жыл бойы этно-мәдени бірлестіктермен қоян-қолтық жұмыс жасап келеді. Халықтар арасындағы бірлікті нығайту, жастардың бойындағы елге деген патриоттық рухты қалыптастыру, Атырау өңірінде орыс ұлтының мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттауға үлкен еңбек сіңіріп келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің арасында да өзінің ізденімпаздығымен, іскерлігімен үлкен беделге ие. Мерейлі жасыңыз құтты болсын! Деніңіз сау, отбасыңыз аман болсын! - деп Шыңғыс Жұмабекұлы мерейгерді өңірдің мәдени-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, иығына шапан жапты.

Мерейжас иесін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Атырау облысы хатшылығының меңгерушісі Еркін Қадырғалиев, облыстағы этно-мәдени бірлестіктерінің жетекшілері құттықтады.
Шара соңында сөз алған мерейжас иесі Владимир Заверткин облыс басшылығына, әріптестеріне алғысын білдіріп, еліміздегі ұлтаралық татулық пен бірлік нығая берсін деген тілегін жеткізді

Айгүл ЕРТІЛЕУ.
Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз