«Батыс» өңірлік әскери сүңгуірлері Ақтаудағы оқу -жаттығу жиынында біліктіліктерін арттыруда

1549299458 1549265987 big 1f0b7bba771f1714c3d102e6dc584ea4 Қоғам

Маңғыстау облысында Қарулы Күштердің амфибиялық бөлімшелерінің әскери қызметшілерімен су даярлығы бойынша оқу -жаттығу жиындары өткізілді.

Оқу-жаттығу жиынының негізгі мақсаты – амфибиялық бөлімшелердің жауынгерлік дайындығының жағдайын және олардың міндеттеріне сай тапсырмаларды орындау қабілетін тексеру болды. Сонымен қоса, командирлердің акваторияда жауынгерлік оқу тапсырмаларын орындау кезінде бөлімшелерді басқару қабілеттілігі де бағаланды.
Оқу-жаттығу жиындары теориялық және практикалық сабақтардан құралып, оның барысында әскери сүңгуірлер білімдері мен машықтылықтарын жетілдіріп, сынақтардан өтті.
Сүңгуірлер әр түрлі қашықтықта жылдамдық пен төзімділікке, тереңдікке суға сүңгі, жүзу қондырғыларын іске келтіру және моторлы қайықтарды басқаруға арналған сынақтарды тапсырып, алғашқы медициналық көмек тапсырмаларын орындады.

  • Жиын барысында жеке құрамның қару жарақты, арнайы техниканы және құрал -жабдықтарды жауынгерлік дайындық жағдайын келтіру және су ортасында өмір сүру қабілетін арттырудағы дағдылары мен білімдері бағаланды. Әскери қызметшілерге өз жұмысын жақсарту үшін қажетті тәжірибе мен ұсыныстар берілді, – деді Бас штабтың арнайы операциялар бөлімінің аға офицері подполковник Ақылбек Кенжебаев.
    Ең жақсы нәтиже көрсеткен әскери қызметшілер курсты аяқтағаны туралы сертификаттарға ие болды.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз