Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Салаға оң көзқарас қажет

Қай уақытта да ауыл шаруашылығын, оның ішінде мал шаруашылығын дамыту – басты міндет. Ауданда төрт-түлік мал саны жылма-жыл артып келеді. Шаруашылықтар да құрылып, мал тұқымын асылдандыру бағытында жұмыстар атқарылып жатыр. Егін шаруашылығы да қолға алынып, халықтың егін шаруашылығын дамытуына жағдай жасалып отыр. Тұрғындардың жерлері тегін жыртылып беріліп жатыр. Мал шаруашылығы дамыған Аустарлия елінде осы салада еңбек ететін адамдарға барлық жағдай жасалған.

Айталық жылжымалы қызмет көрсету орталықтары бірізділеніп, жолға қойылған. Ол жерде қойдың жүнін қырқып, сұрыптап алған соң ақшасын береді. Мал сойған соң етті өлшеп алып ақысын береді. Осындай қызмет көрсету орталықтары біздің елге де қажет. Сонда ғана ауыл шаруашылығы дамиды.

Аудан бойынша ауыл шаруашылығына көңіл бөлу, оны дамыту бағытында көңіл көншітпей жататын тұстар бар. Шынында қазір сападан гөрі санға көбірек назар аударып, есептік көрсеткішті арттыруға бейім тұрады. Бізде аудан халқын мал және егін өнімдерімен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бар. Ол үшін жайылымдық және шабындық жерлер де қамтылған. Ауданда осы салаға деген көзқарас сылбырлау. 2019 жылы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімін таратып, кәсіпкерлік бөліміне қосқан болатын. 2020 жылы ауыл шаруашылығы бөлімі болып қайта ашылды. Биыл бұл бөлімді таратып, кәсіпкерлік бөліміне қайта қосып жатыр. Тіпті ауыл шаруашылығын дамытуды көздейтін министрлік те облыстық басқарма да бар.

Ал ауданда бұл салаға жауап беретін өз алдына бөлек бөлім жоқ. Осыған қарап ауданда бұл саланың өркен жаюына күмәнмен қарауға болады. Өңірде сала мамандары жетіспейді. Шаруа қожалықтарында мал бағатын малшылар жоқтың қасы. Даладағы қыстау мен жайлауда, көктеу мен күздеуде электр жарығының жоқтығы, газдың қосылмауы жұмысшылардың қоныстануына кедергі келтіріп отыр. Шаруа қожалықтарында әйел адамдардың қатары жоқтың қасы. Ол үшін жоғарыда айтылған шаруаларды жүзеге асырып, саланың жандануына атсалысу керек-ақ. Сондықтан жақын елді мекендерге жарығы мен газын жеткізіп беруге мемлекет тарапынан қолдау қажет-ақ. Биыл ғана шаруа қожалықтарына көмек ретінде қоғамдық және әлеуметтік қызметкерлер көмек беріп, оларға бюджеттен еңбекақы төлеу қарастырылып жатыр.

​ Аудандағы шаруа қожалықтарының мал өнімдерін өткізуде өзіндік қиындықтары да бар. Облыстағы ет комбинаттарын заманауи технологиялармен жабдықтау қажет. Көршілес Ақтөбе облысының Алға қаласындағы ет комбинатына Германиядан әкелінген жаңа техника бар. Соның көмегімен тұрғындардың сатуға әкелген малының салмағын өлшеп алып, тиісті пұлын бере алады. Ет комбинатында сойылған малдан қалдық шықпайды. Қалдықтарының өзінен түрлі жем жасап, малдың терісін мен сүйектерін тиісті орталықтарға тапсырады. Осындай ет комбинаты біздің облыс орталығынан да салынса жақсы болар еді. Ет комбинаттары мал сойған соң оның ішек-қарнын, басы мен терісін алмайды. Сондай-ақ ет сатумен айналысатын делдалдардың күні туып тұрғандығы да жасырын емес. Бұрын малдың терісі мен жүні Қытайға экспортталатын еді. Елде жүн мен тері қабылдап, өңдейтін комбинаттар жоқ. Түркия елінде бұл сала жақсы дамыған. Оларда күртке мен бәтеңке тігіледі. Бұл елмен қарым-қатынасымыз жақсы ғой. Соны пайдаланып, бірлесіп жұмыс істеуге болады ғой.

Қайырғали БАЗАРБАЕВ,
мемлекеттік қызметтің ардагері
Қызылқоға ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button