Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Исатай ауданындағы ветеринариялық жағдайға қатысты ресми түсініктеме берілді

Атырау облысы Исатай ауданының Тұщықұдық ауылдық округінде орналасқан шаруашылықтардың бірінде түйеден құтыру дертіне тән күдікті белгілер тіркелді,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникация қызметі.

Облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, 27 шілде күні Тұщықұдық ауылынан 30 шақырым жерде орналасқан Архар елді мекенінде Қазиев есімді тұрғынға тиесілі түйе ветеринариялық тексеруден өткізілген. Маман­дар күдік тудырған жануарды оқшаулап, қажетті сынамаларды жинаған. Қазіргі уақытта түйе ветеринариялық бақылауға алынып, зертханалық талдау нәтижелері үш күн ішінде белгілі болмақ.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде тараған бейнематериалдағы ақпараттар ресми түрде расталмаған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button