Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Инвестиция ауыл шаруашылығын алға сүйрейді

Премьер-Министр Олжас Бектенов мырзаның өңірлік инвестициялық штабтарды күшейту, өңдеу өнеркәсібін дамыту және отандық кәсіпорындарды қолдау жөніндегі тапсырмалары – біз, ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау әрі нақты бағдар.

Ауылда өнім өндірумен айналысатын біз үшін ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырыстар – өндірісті тұрақты жоспарлауға және жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді. Бұл – әсіресе көктемгі егіс пен күзгі орақ жұмыстарын дер кезінде жүргізу үшін маңызды.

Сонымен қатар, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту – ауылдағы өнімдерді ірі қалаларға немесе шет елдерге жеткізу логистикасын жеңілдетеді. Бұл өз кезегінде экспортқа шығуға да жол ашады.

Өңдеу саласындағы жобаларға басымдық берілуі, әсіресе ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуге мүмкіндік берсе, қосымша құн жасалып, табыс көлемі де артады. Ендігі міндет – осы бастамалар өңірлерде нақты жүзеге асып, шаруалармен жүйелі жұмыс жасалуы.

Осы бағытта Үкіметтің қолдауын сезініп отырмыз. Ендігі жерде өңірлік инвестштабтар шаруалармен тікелей байланыс орнатып, нақты жобаларға қолдау көрсетсе, бұл ауыл экономикасын көтеруге зор серпін болары анық.

Серік АЛҒАЯЗОВ,
“Алғаяз” шаруа қожалығының басшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button