Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Фермерлердің несиені өтеу мерзімі ұзартыла ма – министр жауап берді

Несиені өтеу мерзімін ұзарту мәселесі бойынша әрбір фермердің мәселесі жекелей қаралады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті.

Бүгін Парламент Мәжілісінде биылғы астықты өткізу мәселесін талқылау кезінде депутаттар көктемде және күзде егістік жұмыстарына бөлінген несиелер бойынша төлемді келесі жылдың көктеміне дейін ұзарту бойынша шешім қабылдау мүмкіндігі туралы сұрады.

Өз кезегінде А.Сапаров қазіргі кезде фермерлердің қайта құрылымдауды қарастыру туралы өтініштері келіп түсіп жатқанын айтты.

«Несиелерді жаппай ұзарту болмайды. Әрбір фермердің мәселесі жекелей қаралады. Себебі несиені үшінші жыл қатарынан ұзартып келе жатырмыз, ал қаржы бюджеттен берілгендіктен, оны қайтару керек. Біз әрқайсысын бөлек қарастырамыз. Қазір 119 фермерден 5,1 млрд теңгеден астам несиеге қатысты өтініштер келіп түскен», — деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінен фермерлерден астық сатып алу қарастырылып отыр. 

kaz.inform.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button