Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Атырауда Балықшылар күніне орай көрме-жәрмеңке өтті

0d07dec1 fcc9 4a33 9bf5 5f40f5c51755

Бейбарыс алаңында кәсіби мереке құрметіне жергілікті балық өнімдерінің және қолөнер бұйымдарының  көрме-жәрмеңкесі өтті.

a29dcda3 f232 4929 a3fd 569a36f944fa

     Жәрмеңкеге Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарынан барлығы жеті шаруашылық субъектісі қатысты. Олар 30-ға жуық түрлі балық өнімдерін, оның ішінде салқындатылған балық, балықтың жоны, сонымен бірге қақталған, тұздалған, ысталған және т.б. түрлерін ұсынды.

4169aee7 f353 4d62 bf14 dacbe1b7130b

     Кешкісін балық шаруашылығы субъектілері қызметкерлерінің шеруі ұйымдастырылды. Шараға “Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы” ЖШС Атырау облыстық филиалының,  “Жайық-Атырау” бекіре балығын өсіру зауытының және балық шаруашылығы субъектілерінің қызметкерлері қатысып, өнер көрсетті.

8916ff47 f2f4 44dd 86d6 f35ca89ca563

Дәулетқали АРУЕВ,

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button