Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Атырау облысында қыстату науқанына 605 мың тонна шөп дайындалады

Атырау облысында 2025-2026 жылдарға арналған мал қыстату науқанына дайындық аясында 605 мың тонна ірі сабақты мал азығы және 44,5 мың тонна құрама жем қажет екені белгілі болды. Бұл мәлімет облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиевтің төрағалығымен өткен жиында айтылды,-деп хабарлайды Өңірлік крммуникациялар қызметі.

Бүгінде өткен жылдан қалған шөп қоры 81,9 мың тоннаны құрайды. Ал биыл дайындалуы тиіс көлем – 523,1 мың тонна. Бұған қоса 3 мың тонна сүрлем әзірлеу жоспарда бар. Мал азығын дайындау науқаны қазан айына дейін жалғасады. Облыс аумағында 90-ға жуық ірі шаруашылық пен жеке кәсіпкер мал азығын дайындаумен айналысып жатыр.

  • Мал азығын уақтылы әрі жеткілікті дайындау – өңір малшылары үшін маңызды міндет. Қуаңшылық қаупін ескере отырып, алдын ала дайын болу қажет. Бұл бағытта аудан әкімдіктерімен жүйелі жұмыс жүргізілуде. Техникамен қамтамасыз ету, қоймалар дайындау, шөп пен сүрлемнің белгіленген мерзімде болуы – басты назарда. Мал шаруашылығын тұрақты қамтамасыз ету үшін ахуал күн сайын бақылауда. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да тұрақты жүргізілуі тиіс,- деді М.Мурзиев.
whatsapp image 2025 07 30 at 16.28.59 2

Қазіргі уақытта облыста нақты дайындалған шөп көлемі 182,7 мың тоннаны құрап, жоспардың 30,2% орындалды.

Баға саясатына келер болсақ, ірі сабақты мал азығының құны өнімділікке қарай әр ауданда әртүрлі. Мәселен жергілікті шабындық жерден дайындалған бір рулон шөптің бағасы 5500-7 000 теңге аралығында болса, тасымал шығындары қосылған жағдайда бұл сома 8000-10 000 теңгеге дейін өседі.

Жиында осы жылғы ауыл шаруашылығы санағына дайындық барысы да қаралды. Ұлттық санақ 1 тамыз — 20 қазан аралығында өтеді. Алғашқы кезең онлайн, екіншісі офлайн форматта жүзеге асады.

Атырау облысы бойынша 4 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымы мен 53 мыңға жуық үй шаруашылығын қамту жоспарланып отыр. Осы орайда сауалнаманы sanaq.gov.kz порталы арқылы онлайн толтыру мүмкіндігі қарастырылған.

Жиын қорытындысында облыс әкімінің орынбасары ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызын атап өтіп, аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button