Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Агроном түсті сайысқа!

Мұнайлы өлкеде «жұмысшы мамандықтары жылы» аясында үздік агрономдар анықталды. Бүгін О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінде облыстық «Агрокөшбасшы-2025» байқауы ұйымдастырылды.

6e33e304 a90c 42a5 b6f9 7e262dc4adbf 1

Байқаудың бағыты – өсімдік шаруашылығы құзыреттілігі. Шараға облыстың аграрлық-техникалық колледждерінің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Байқаудың ашылу салтанатында колледж директоры, профессор, т.ғ.д. Ислам Жанұзақов сөз сөйлеп, қатысушыларға табыс пен сәттілік тіледі.

6f038750 3a22 4d96 b3da 7b6bbc9bb514 1

Сондай-ақ, шара барысында өңірдің ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші колледждері – Құрманғазы, Қызылқоға, Индер және Махамбет аграрлы-техникалық колледждері арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

ae89f521 71f1 4bc7 b893 66a4acf0e484 1

Байқау теориялық және практикалық кезеңдерден құралды. Теориялық бөлімде қатысушылар тест тапсырып, топырақтың ылғалдылығы мен pH деңгейін анықтап, ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған жаңа технологиялар мен бизнес-жобаларын қорғады. Ал практикалық бөлімде «Аяулым» шаруа қожалығының базасында ағаш отырғызу, ағашты күзгі кесу және күзгі улау жұмыстары ұйымдастырылды.

04fd3235 ea8d 423f 813a 3ad46eeb00e4 1


Сайыс нәтижесінде үздік қатысушылар анықталып, арнайы марапаттар табысталды. «Агрокөшбасшы – 2025» байқауы – педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби шеберлігін шыңдап қана қоймай, агросаланың заманауи технологияларын насихаттап, жастардың жұмысшы мамандықтарына қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды шара болып отыр.

3e2cccc5 326e 405e b814 90c3cfb80fd4 1


Айбөпе САБЫРОВА
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button