Тұңғыш академик ескерткішіне гүл шоқтары қойылды (+ФОТО)
Бүгін, яғни, 12 сәуір – Ғылым күні. Осыған орай, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессор-оқытушылар мен студенттері туған елінің дамуы үшін ерең еңбек сіңірген геолог, академик әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Оның үстіне, бүгін – «менің халқым менен де биік» деп өткен атақты ғалымның туылған күні.
«Бүгін еліміз үшін маңызды кәсіби мереке – Ғылым саласы қызметкерлерінің күні. Ендеше, осынау мерекемен университет атынан құттықтаймын! Атырау университеті өңірдегі ғылым саласын дамыту бағытында арнайы іс-шараларды жүзеге асырады және соны өзінің басты миссиясы деп санайды. Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында ғылымға арнайы көңіл бөліп, заңнамалық актілерге өзгеріс енгiзу бойынша тапсырмалар берді.
Атап айтканда, жетекші ғалымдардың еңбекақысын базалық қаржыландыруға енгiзу, іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарын тікелей қаржыландыру, гранттық қаржыландыруды бес жылға ұзарту, ұлттық ғылыми кенестердiң шешiмдерiне апелляция институтын енгiзу бойынша ұсыныстар бар. Бiлiм және ғылым министрлiгi осы тапсырмаларды орындау бойынша нақты жұмыстар жүргiздi. Еліміздің ғылыми әлеуетінің нығаюы – мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын фактор. Сондықтан атыраулық әрбір ғалымның еңбегi қоғамның iлгерiлеуiне косылған үлкен үлес деп бағалаймыз» деді салтанатты шара шымылдығын ашқан университет ректоры, профессор Саламат Идрисов.
Оған қоса, Атырау университетінің техника ғылымдарының докторы Бекет Зейнешұлы мен Жас ғылымдар кеңесінің төрайымы Гүлдана Таңбайқызы академик туралы сыр шертіп, ескірмес естеліктермен бөлісті. Соңында барлығы ескерткіш алдына барып, гүл шоқтарын қойды.
Жайна МӘЛІМҚОЖА
Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ