Индерден 185 тонна қалдық шығарылды (+ФОТО)

img 20220416 wa0253 ФОТОГАЛЕРЕЯ

    Жайық бойын жайлаған Индер ауданында ауыл тұрғындарының сенбілікке қатысушы көрсеткіші көтеріңкі, белсенділік деңгейі жоғары болды.

–Бұл күнгі ерікті еңбек мерекесіне аудан орталығы – Индербор кентіндегі 42 мекемеден 240-тан астам қатысты, 142 тонна (оның 30 тоннасы полигон маңында жинақталып, стихиялы үйінділер, 12 тоннасы саябақтар мен көше бойларынан шығарылған қалдықтар) қоқыс тасымалданды. Ал, ауылдық округтер арасында бір ғана Есболдың өзінен 9 мекемеден 170 адам қатысып, 12 тонна қоқыс шығарылған. Сол сияқты, Жарсуат, Көктоғай, Елтай, Өрлік және өзгелерінде де сенбілікшілердің саны 60-тан кем болмағанын айтқанымыз ләзім. Және де үлкен-кіші ауылдастың бәрі бір үйдің баласындай ауызбірлік танытып, «жұмыла көтерген жүктің жеңіл» болатынын нақты істерімен паш етті, – дейді аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Иманғазиев.

Оның баяндауынша, орталықта демалыс орындары басты нысанаға алынса, әр ауылдың тұрғындары аула-қораларынан бастап, көшелерінің тазалығына көңіл бөлді. Соның арқасында ортақ мекендері көріктеніп, ажарланып қалды. Айрықшалап айтар жайт, қашанда қиындықты бірлесіп жеңуге дағдыланған, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ауыл адамдары бұл жолы да бірінде жоғын бірінен алып, қолдағы барын кәдеге жаратуға тырысты. Соның арқасында көп шаруа бітті.

Сайып келгенде, үлкен серпіліс тудырған сенбілікке аудан бойынша 86 мекемеден 800-ден астам адам, 17 бірлік техника қатыстырылып, жалпы көлемі 185 тонна қалдық шығарылды. Тұтастай алғанда, тазалықтың айлықпен шектелмейті, ұдайы назарда ұсталынуға тиісті өзекті мәселе екенін белгілі. Биылғы жыл басынан бері елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларының, басқа да талаптардың бұзылу фактілеріне 51 әкімшілік хаттама толтырып, жазбаша ескертпе жасалынған.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз