Атыраудағы түйелердің тағдыры нешік?

IMG 20190806 WA0010 Жаңалықтар

Atr.kz/6 тамыз, 2019 жыл. Ағымдағы жылдың 3-28 шілде күндері аралығында Жылыой ауданына қарасты Ақкиізтоғай ауылында және Құлсары қаласының қарасты Жадырасын ықшам ауданында 11 бас түйе шығын болған болатын…

Жылыой ауданындағы барлық түйелерге паразитке қарсы дәрі-дәрмектер беріліп жатыр. Шығын болған сәтен бастап, сараптама жасалды. Сараптама нәтижелері облыстық ветеринариябасқармасына тапсырылып, қорытындысы шықты.

Мамандардың айтуынша, жұқпалы аурулардың ешқандай белгілері жоқ.

​- Түйелер жайылатын жайылымдардағы жем-шөптерден және Жем өзенінен сараптама алынды. Қорытындысы бойынша нормадан ешқандай ауытқушылық жоқ. Ал, түйе өліксесін потологиялық-анатомиялық жарып сою нәтижесінде көмекей қуысынан көп мөлшерде құрттардың бар екені анықталды. Ветеринарлар бұл цефалопиноз деген ауру деп қорытындыға келді, – дейді Атырау облыстық ветеринария басқармасының басшысы Азамат Айтқалиев. ​

  • Бүгінгі күнгі мәлімет бойынша, ауданда 9720 түйе бар. Барлық түйелерге паразиттерге қарсы дәрі-дәрмектер беріліп, өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Атырау өңірлік коммуникациялар орталығы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз