Дәрігерлердің оқу-жаттығуы өтті (+ФОТО)

0z6a2632 ФОТОГАЛЕРЕЯ

NCOC КОМПАНИЯСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ КЕЗЕКТІ АУҚЫМДЫ ЖАТТЫҒУЫН ӨТКІЗДІ.

Бұл туралы компания баспасөз қызметі хабарлады. Солтүстік Каспий жобасының Операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) компаниясы Атырау облыстық ауруханасымен және Атырау қалалық жедел медициналық жәрдем станциясымен бірлесіп, өңірлік денсаулық сақтау қызметтерінің дайындығын бағалау бойынша кезекті жаттығу өткізді.

0z6a3001

Солтүстік Каспий жобасының Операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) компаниясы Атырау облыстық ауруханасымен және Атырау қалалық жедел медициналық жәрдем станциясымен бірлесіп, өңірлік денсаулық сақтау қызметтерінің дайындығын бағалау бойынша кезекті жаттығу өткізді. Іс-шараға 70-тен астам адам қатысты: дәрігерлер, медбикелер, сондай-ақ медициналық қызмет көрсететін мердігер ұйымдардың қызметкерлері жұмылдырылды.

0z6a2777

            NCOC үшін әрбір қызметкердің үйіне, отбасына және достарына аман-сау және ешбір жарақатсыз оралуы маңызды. NCOC бұл қағидатты «мақсатты нөлдік көрсеткіш» деп атайды және оны барлық іс-шараларының негізін құрайтын аса маңызды мақсат деп есептейді. Дегенмен, қорғаныс шараларының тиімділігіне қарамастан, NCOC кез келген ықтимал оқиғаларға жедел әрекет етуді жүйелі түрде жүргізеді. Бұл жаттығу NCOC бастамасы бойынша компанияның және мердігер ұйымдардың төтенше медициналық жағдайларға ден қоюға дайындық деңгейін анықтау мақсатында өткізілді. 

0z6a2972

            Жаттығу барысында болуы екіталай төтенше оқиғаның сценарийі пысықталды, оған сәйкес Атырау облыстық ауруханасына симуляцияланған жарақаттары, сынуы және күйіктері бар бірнеше науқас келіп түсті. Зардап шеккендерді NCOC компаниясының өндірістік алаңдарынан Атырау облыстық ауруханасына тасымалдауды қоса алғанда, барлық кезеңдерде медициналық көмек көрсетудің уақтылығы мен тиімділігі бағаланды.

0z6a2561

     NCOC компаниясының денсаулық сақтау қызметінің менеджері Нұрлан Байменшиннің айтуынша: «Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі – NCOC компаниясының негізгі құндылықтары. Жүйелі жаттығулар бізге дәрігерлердің төтенше жағдайларда әрекет етуге тұрақты дайындығын сақтауға, сондай-ақ өңірлік денсаулық сақтау қызметтерімен жұмысымызды үйлестіруге мүмкіндік береді».

0z6a2632

«Мұндай іс-шаралар жергілікті ауруханалардың қызметкерлеріне халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық көмек көрсетудің жаңа тәжірибесін ұғуға көмектесіп, дәрігерлеріміздің біліктілік деңгейін айтарлықтай арттырады», – деп Атырау облыстық ауруханасының кеңес беру диагностика меңгерушісі Марат Ербосынов атап өтті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз