Жарнама
ФОТОГАЛЕРЕЯ

ТШО-дағы жарылысқа қатысты жайт белгілі болды (+ВИДЕО)

1 наурызда сағат 16.40-та Атырау облысы Жылыой ауданының Теңіз вахталық кентінің Құлсары қаласынан 90 км жерде «NASAR SOLUTIONS» ЖШС ашық аумағында ашық үлгідегі 20 жақын тұрған контейнерлерде, металл бөшкелерде және пластмасса ыдыстарда шамамен 2800 шаршы метр жалпы ауданда сұйық тез тұтанатын қалдықтар жанған.

Өрт салдарынан 1 жүк көтергіш (Car) отпен жойылды. Өрт сағат 19.46-да оқшауланып, сағат 20.30-да сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге ТШО өрт сөндіру-авариялық құтқару қызметінің 17 қызметкері мен 4 техникасы, «COCR» ЖШС-нің 6 қызметкері мен 2 техникасы, Атырау облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің 12 қызметкері мен 2 техникасы шықты.

«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»

https://www.youtube.com/watch?v=Z1pyf-sEih0

Related Articles

One Comment

  1. Неге темага ТШО деп жазасыздар, дым катысы жок кой!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button