"ATYRAÝ"-ға 100 жыл!

«Вахтер болсам да, тілшіден кем емеспін!»

Бұрынғы Пионерлер сарайы болған Ленин көшесіндегі №15 үйдің қос қанатында екі облыстық газет редакциялары орналасты. Жұмыс та, тірлік те қайнап жататын. Келушілер де көп еді. Ол уақытта қазіргідей күзет формалары жоқ, есік алдында вахтер отырады.

Таңертең бəріміз ішке сапырылысып кіріп жатырмыз. Кенет вахтада отырған Майра Мұқашеваға көзім түсіп кеткен, келбеті біртүрлі көрінді. Жанына барып, жағдайын сұрадым. Ол түнімен ауырып шыққанын, емханаға барғысы келіп отырғанын, бірақ, орнына қалдыратын кісінің жоқтығын айтты. Мен дереу жауапты хатшының орынбасары Жаңбырбай Сұлтанғалиев ағайға барып, Майраның орнына отыра тұруыма рұқсат сұрадым. Ағай келісті. «Тентектен тез хабар» деген, жаңағы ауырып отырған Майрам жарты сағаттың о жақ, бұ жағында зып етіп келіп қалды. Келе сала: «Мен мына кезекке тұра алмаймын. Əрі ауырып, əрі жұмыстан қалып барамын. Редакцияда жасаймын ғой!» дегем, кезектегілердің бəрі: «Барыңызбарыңыз!» деп кіргізіп жіберді», – дейді. Осы жағдайдан кейін өзі «Менімен ойнамаңдар, вахтер болсам да, тілшіден кем емеспін!» дейтін болды.

Лиза ШАЙХАШҚЫЗЫ

Related Articles

One Comment

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button