Жарнама
"ATYRAÝ"-ға 100 жыл!

Танымайтын таксист тегін жеткізіп салды

Түн жарымында тойдан шықтық. Жол жиегіне жақындап, таксилердің біріне отырдық. Өрімдей жас жігіт екен, лезде айтқан мекен-жайға әкеліп тастады. Келіскеніміз 500 теңге еді, біздің ұсынған екі мың теңгемізге оның қайтаратын ұсақ ақшасы болмай қалды. Сол үшін біз қиналдық. Ал, ол болса:

Танымайтын таксист тегін жеткізіп салды

– Жақсы, ештеңе етпес, түсе беріңіздер! — деді күлімсірей. Мұндайды көрмеген біз жүргізуші жігіттің аты-жөнін, ұялы телефонын сұрап әлек болдық. Ойымыз – кейіннен бере салу. Бірақ, таксист баламыз жай ғана: «Түн ортасында өздеріңіздей бірлі-жарым жолаушыны тегін таси алмасақ, кім болғанымыз, қазақ емеспіз бе?!» деп, жүріп кетті.

Міне, осындай да таксистер болады екен. Қашан да аман жүр, қазақтың қайырымды баласы!

Л.ШАЙХАШҚЫЗЫ,

қала тұрғыны.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button