Қолдау білдіріп жүрейік

aza zhurnalistikasyi "ATYRAÝ"-ға 100 жыл!

Жақында Махамбет ауданы әкімдігінде алқалы жиын болып, оған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысқан болатын. Бұған дейін аудан әкімі қызметінде болған Сырым Рысқалиев өз арызы бойынша жұмыстан босап, аудандық мәслихат депутаттарының келісіміне сай облыс әкімінің өкімімен аудан әкімі лауазымына  мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол, бұрын Исатай ауданында әкім, Жылыой ауданы әкімінің орынбасары болып істеген Жәрдемғали Ахметов тағайындалды. 

Қазақ журналистикасы

Бұл жиында өңірге белгілі азаматтың бірі орнынан көтеріліп, облыс әкіміне аудан әкімдерінің жиі ауысатындығына өз пікірін білдірді. Алайда, кадрлардың ұйымдастырушылық қабілетіне, іскерлігіне қарай таңдау облыс әкімінің құзыретіндегі іс емес пе? Әкімді қысқа мерзімде ауыстырса, оның да себебі бар болар. Бірақ, бәрін жұртқа ашып айту міндетті емес деп ойлаймын. Меніңше, облыс әкімінің аудан басшысын таңдаудағы шешімі дұрыс деп есептеймін. Жәрдемғали Бакуұлы облыс басшысы мен мәслихат депутаттарының сенімін ақтайтындығына кәміл сенемін.

Шындығына келгенде, жұмыстың жай-жапсарын білетін, кәсіби де, ұйымдастырушылық та қабілеті жоғары тұлғаларды тағайындау – Елбасының аймақтағы сенімді өкілі ретінде облыс әкімінің шешетін мәселесі. Сондықтан, ауылдың ардагерлері басшыға қолдау білдіріп отырғаны жөн болар еді.

Шағия ЕСМАҒАНБЕТОВА,

денсаулық сақтау саласының ардагері,

Махамбет ауылы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз