Жарнама
"ATYRAÝ"-ға 100 жыл!

Газет өміріндегі ЖАҢА БАҒЫТ

«ATYRAY» ОБЛЫСТЫҚ ГАЗЕТІНДЕ ТАБАН АУДАРМАСТАН ҚЫЗМЕТ ЕТКЕНІМЕ ШИРЕК ҒАСЫР БОЛҒАН ЕКЕН. БАСЫЛЫМНЫҢ 1996 ЖЫЛЫ КОМПЬЮТЕРЛЕНДІРУГЕ ҚАЛАЙ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ БАСҚАНЫ ӘЛІ ЕСІМДЕ…

Осы жылы компьютер цехы жасақталып, қызметкерлер біртіндеп жаңа техниканы үйрену процесіне көше бастады. Ал, жылдың аяғында «Atyray » газетінің əдебитарихи қосымшасы «Атамекеннің» №10 саны редакцияның өз цехында алғаш рет теріліп, беттеліп, пленкаға көшірілді. Əрине, бұл жаңа істің бастауында облыстық басылымның сол кездегі бас редакторы Қилыбай Қуанышбайұлы тұрды. Оның айтуынша, біздің редакция республикадағы қазақ басылымдары ішінде бірінші болып 1996 жылы өзінің компьютер цехында газет шығарған.

– Иə, компьютердің біздің редакция өміріне енуі ұлы оқиға болды. «Атамекеннің» түрлі түсті бояумен басылуы редакцияның мүмкіндігін арттырды. Ал, «Atyray» газетін жүйелі түрде компьютермен шығару 1997 жылдың қараша айында басталды. Сол жылы «Egemen Qazaqstan»-ның өзі дайындалған қолжазбаларды баспаханаға жіберіп, сонда компьютермен тергізіп, бастырып жүргенін көрдік, — деп еске алады ардагер ағамыз.

proporp

Расында, компьютер цехы оңайлықпен құрылған жоқ. Ешкімнің көмегінсіз-ақ инженерлер Асланбек Мəукенов пен Нұрлан Хамзин техниканың қыр-сырын тез меңгерді. Сол кездегі компьютер цехында менімен бірге газет шығарушы Құбайдолла Жексенов, Клара Елеусінова, Тамара Тайтекова, Айнагүл Жолдыбаева, Сəуле Сариева жəне Алтын Иманиязова сынды мамандар болды. Екі инженердің үйреткенін санамызға құйып, газет шығару ісіне қатысты барлық процестерді компьютерде орындауға қол жеткіздік.

Негізінде редакцияның ішкі кухнясында газеттің беттелуі мен безендірілуі ерекше орын алады. Өйткені, көптеген оқырман алдымен газеттегі материалдың мазмұнына емес, оның кескін-келбетіне, тақырыптың тартымдылығына назар аударады. Соған сай тілшілер жазған мақалаларына оқырманның оқуға құштарлығын арттыратын, аңсарын аударатын тақырыптар табуға талпынса, дизайнерлер де олардан қалыспай тақырыпқа өзіндік рең, ерекше сипат беруге ұмтылады.

Айта кетейік, қазақ тіліндегі «тоғыз» əріп газет шығару ісінде қиындық келтірген. Республикадағы бүкіл қазақ басылымдары осы мəселеден зардап шеккен болатын. Қазір бұл бейнеттің бəрі артта қалып отыр. Кезінде осы проблеманың шешілуіне «Atyray» газеті ықпал еткені анық. Оның тарихы туралы естелікпен келесі жолы бөлісетін боламын.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button