Жарнама
"ATYRAÝ"-ға 100 жыл!

«Ерік» газетінің 1923 жылғы 8 сәуірдегі саны

Қазақ әйелдеріне

Жолдас Аралованың 1-номерде айтқаны дұрыс. Қазақтың әйелдерінің надан қалғаны, басында ықтияр болмай ерлердің тепкісінде, мал орнына саналып теңдік көре алмай көз жасы көл болып оны көретін жан болмай жүрулері шексіз.

Бұрында әйел ердің мүлкі деп өлген батырлардың қатындарын қару-жарағымен бірге көрге салып көмген уақтарда болған.

Бергі замандарда өйтіп ерімен бірге көмбесе де әйел ердің мүлкі деген сөз қалған жоқ. Осы күнге дейін айтылып келе жатыр. Қазақ әйелдері Кеңестер үкіметінің берген еркіндігін дұрыс пайдаланып, ол атақтан құтылған жоқ. Езіліп, басы айналып қалғандықтан, әлі алға ұмтылып жарыққа шығу лайықтарында жоқ. Баяғы көңілге ұялап, құдай әйелді кем жаратты деп өзін күңдікке санап қалған көңілінен тайған жоқ. Бірқатары еркіндікті бар болғаны құрттай көңіліне ерден айырылу деп түсініп жүр.

Кеңестер үкіметі болғалы бес ерден кетіп алтыншы ерге тиген әйелдер бар көрінеді. Болмаса ерлеріне әлі келмей амалсыз үстіне қатын алдырып отырған әйелдер де бар. Соңғылардың сылтауы: алдыртпасам қуып жібереді, баратын жерім жоқ. Қайда барып күнелтем деген, әрі бұл (?) бірге жинап, бірге бағып келе жатқан дүниеден мирас тиетінін, ерден хақын алуды білмеген. Еркек тұрмасаң жүре бер, алдыңа шықпаймын, отырсаң бағамын, беретін малым жоқ; десе қорқып отыра қалады. Ердің екі әйел алса айыпты болатын, жазықсыз жібере алмайтын, жіберсе бала мен малға бірдей бөліп сотпен айырылатынын білмейді. Қайсыбірін айтайын, осындай білмейтіні көп. Мұның бәрі қараңғы надандыққа келеді.

Әйелдер ерлермен теңеспеуге (?) керек: оқыту, өнер үйрету, өзінің құқығын дұрыстап біліп тұтыну, әр нәрсені көру, тыңдау, жиналыс-мәжіліске шақырса, ойбай мен не бітірем деп үйде бұғып отырып қалмай, яки көңілінде теріс іске бір бұзықтыққа жүріп бармай, бірауыз жақсы нәрсе істермін деп бару. Барғанда өзін басып, қарап отырып қайтпай тұрмысына, күніне, жарыққа шығуына керекті нәрселерін айтып сұрау тиіс.

Әйелге еркіндік дегенді тек қана ерден айырылу, ерге тию деп түсіну асқандық. Әйелдің еркіндігі мұның ары жағында да көп: сайлауларда ермен бірдей дауысы бар. Нендей орынға да сайлауға һәм сайлануға жарайды. Білім жетіп қолынан келетін болса народный комиссар сайлауға болады. Еркек пен бірдей солдатқа алуға болады, қысқасынан айтқанда еркек не қылса, әйел соны істеуге қолынан келеді.

Өзі үйдің ішінде еркекпен бірдей дүниеге қожа, мал-жанға ортақ. Әйелдің дүниеге қожалығы жоқ, қожамын деген еркек болса, ол адасқан. Болмаса әйелмен қатар жүгініп, әділ тергейтін сотқа тап болмай жүр. Надандығымыздың арқасында сотымыздың бәрін ақ жұмыртқа – сары уыз деп айтуға болмайды.

Әйелдерге ер қатерінде болатын нәрсе бар, бұл ерге тиген уақты да некесін кеңсеге (загске) тіркету керек. Дүниенің (?) әлі жоқ, қата ерлі-зайыпты кісінің түз еңбегі жарасбай айырылыс жасайтын болып істері сотта тұрса, некесі тіркеусіз болса, екеуі ерлі-зайыпты болып табылмайды. Сот істерін қарамайды. Әрине мұндай кезеңде еркек әйелге күш қылып кетуі мағлұм. Әйелдің қолында ананың қатты екендігін сипаттап шығаратын билігі, қағазы болмаған соң мирас ала алмай бос қалады. Қазақ ішінде әсіресе осы уақттарда некені тіркеуде көп мағына бар, һәм қазақ әйелдеріне өте пайдалы. Неге десең еркектің әйел зорлық қылатыны әлі болған жоқ. Осы жағына әйелдер қатты сақ болуы керек һәм осындайды ескер, теңдікке қолы жетеді.

Т.Өтеулиев

Әттең ғылым

Адам баласы қай халық, қай ру, қай дінде болса да құқық намалары шамалас, бірақ бір шақты біреуден біреуі ғасырға, біреуі біреуге қожа болған, біреудің қолын рахатқа жеткізіп, біреуді хайуандыққа айналдырған, өнер-ғылымның барлығы ия жоқтығы ғылымның күші адам баласының пайдасына жұмсаса жағдай оңдамақшы. Ал егер залалына жұмсаса оның (?) жетпекші. Қазақта мақал бар: «білегі жуан бірді жығады, білігі көп мыңды жығады». Егер осы мақалды қазақ шығарды десек көп мағына бар. Алақандай Европа бүкіл дүниежүзін құл қылған, ең қиын жасайтын жұмысты әркімге жасатып қойған. Тәйірі адам баласының тұрмысына, әр біріне қатысуына дүниенің халқымен пайдалануға жеңілдік беріп қойған ғалым. Адам баласының арасынан шешімдер, ақылгөйлер шығарған ода ғалым, адам баласының арасынан әділеттіктің, бірдейліктің ұранын шақырып, жанын, қанын халық үшін құрбандыққа айтқызып һәм қисса шығарған ол ғылымның арқасы, ғылымның жоғарыда айтқандағыдай адамға пайдасы қанша зор болса білмеген адамның көбі соншама білген шырақшы, қазақтың ғылым-өнерге қожа болмақ түгіл, оқу мен пайда таппақ түгіл ғылым иісі адамды өзарасынан түсінуге, көрмесе өңінде көрмеген, шексіз. Олай болғасын не күйде жүргені мәлім, осы қазақты дүниенің тарихына кіргізбей қойған – ол ғылымның жоқтығы қазақты көрінген жұртқа мазақ қылып, арына тиіп ат қойғызған ода сол ғылымның жоқтығы. Қазақты көрінген жұртқа мазақ қылып, арына тиіп, ат қойғызған ода сол ғылымның жоқтығы. Қазақты (?) (?) кең далаға жетім қылып, екі қолын қолтығынан кетірмей қиқаңдатып «былық қазақ» атандырған ол да сол ғылымның жоқтығы. Қазақ дүниежүзінде жоқ Сартов, аруақ, таз, мерез сықылды  ауруларды өш қылып қойған – ол ғылымның жоқтығы. Қазақты билікке өшлік араластырып, бірімен-бірін таластырып, малын далаға шаштырып, ант бергізіп, бірін бірінің соңына салып қойған ода сол ғылымның жоқтығы. Қазақтың өзі бір сомға сатқан жүнін үш айдан соң қайтадан 100 сомға сатып алған ода білімнің жоқтығы. Қазақтың қызын мал орнына сатқызып пайлатып обалына қалып отырғанымыз да сол ғылымның жоқтығы. Россияның бүтін дүниеге үлгі қылып әділшілдік, бірдейшілік ұрандар ақырап төңкерісін берген зор кеңшілігінен пайдалана алмай отырған ол да ғылымның жоқтығы. Соншама айтылған сипаттар басымызда тұрғанда бізде елміз, бізде елміз, бізде өсеміз деу түгіл қара жердің үстінде қаламыз деуге де болмайды.

Ұзын сөздің қысқасы қазір білім керек, өнер керек. Сол екеуінің атасы школ керек. Өнер керек, бұл оқу қызметі керекпе жоқпа деп ойлаудан-сынаудан, жұрт шақырудан кейіді. Үйдегі қызмет оған тек күрескен, бар малды осының жолына сарп еткен, осы қызмет кемінде халық ағарту бөлімі деген кеңсе бар сол кеңсенің енді іс жүзінде, газет арқылы болсын, бағытын көргіміз келеді.

142

Газет туралы

Мынау Кеңес үкіметі Россия қол астындағы түрлі кемшілікте жүрген жұрттарға бостандық беріп отыр. Сол кемшілікте жүрген жұрттың біреуі біздің қазақ еді. Енді мынау – үкіметіміз еркіндіктен пайдаланыңыз, қатарға кіріңіз деп отыр. Біздің қатарға кіруіміз немен болады? Оқу-өнер мен болады, адамды адамнан, халықты халықтан айыратын нәрсе оқу-өнер. Ақыл, зейін біреуге аз, біреуге көп болуы ол тумысында беріледі. Біреудің өнерлі білімді болуы оқудан, үйренуден. Міне, көрмейсіз бе? Кең қазақ сахарасында топырақ, тау астында білінбей жатқан алтын, күміс, нефть сияқты асыл қымбатты заттарды өнерпаздар келіп ғылым, өнер арқасында жер астындағы асылдың бар екенін біліп, завод ашып, дүниежүзіне шығарып, адамның тіршілігіне жұмсалатын пайдалы зат қылып шығарып жатыр. Ол шығарып жатқан өнерпаз адамдар жын емес, ол да өзің сияқты адам, бізден айырмашылығы жоқ. Тек айырмасы оқу-өнер. Бізде оқысақ, үйренсек өнерлі азаматтар шығар еді.

Екінші адамның түрлі мәдениеті мен танысу үшін газет, журнал оқумен болады. Газет-журналдың көздеген мақсаты оң пікір кіргізу һәм түрлі мәдени халықтардың тұрмыстарымен таныстыру. Халық туралы шығарып жатқан заң закон жобаларын құлақтандырып, түсіндіріп тұру. Адам баласының тіршілігіндегі шаруасы не ретінде, қандай түрде болуға тиімді екендігіне, түрлі жол, жоба, бағыт көрсету һәм оқу-өнеріңде түрлі жолдарын көрсетіп, нұсқап тұру. Надандық дүниесінде надандықпен адасып жүргендерді надандық хәлінен шығарып мәдениет дүниясының қуанышты жарық тұрмысына қарай бастамақ. Һәм жапандағы жалғыз қаздай дауысын жеткізе алмай, ойын айтып пікірін аша алмай жүрген жолдастар газет арқылы өзінің мұң-мұқтажы болса, яки бастарынан кешкен қорлық-зорлықтарын қорықпай жасқанбай қаламы сергек жолдастардың жазып тұрулары тиіс-ті.

Осы жолды ашып отырған басшылардың дұрыс-бұрысын айырады, газет-журналға басатын болса басады, болмаса шамалары келгенше мұң-мұқтажыңды қарастырып жолын іздетеді. Әсіресе оқи, жаза білген жолдастар ел ішінде болған оқиға, хабарларды жазыңдар. Мағыналы жақсы өлеңдер басқарма бәрін алады. Жауапсыз қалдырмайды. Мәдениеттен, надандықпен кейін қалған жолдастар мәдениетті халықтың тұрмысымен, әдебиетімен танысу үшін газет-журнал, баспасөз, мәдениет жарыққа сүйрейтін тізгіннің ең мықтысы газет-журнал алыңдар! Алғандарың алмағандарыңызға алдыртыңыз! Айтып түсіндіріңіз! Надандық қараңғылықтан шығып, жарық дүниеге шығуға ұмтылыңдар! Ойланатын заман келді.

Л.Аралов

Балаларға үлгі

Жас жолдастарымыз қазақтың жас балалары сендер бұрынғы патша заманында сіздерді оқуға бермей қор қылды һәм сіздерді ата-аналарыз да оқуға беруге жағдайы жоқ болды, көбі оқуға қалай берерін білмеді. Енді бұл заман болғанда сендер қазақтың балалары оқуға тырысып басқа халықтарға ұқсап ғылым білгендерің тәуір. Енді бұл совет үкіметінде қазақ деп болмаса орыс деп айыратын заман жоқ, сендерге қай школға барып оқимын десеңдер де жолдарын ашық. Бұрынғы заманда сендер қараңғы түнекке салып қойғандай болып едіңдер, болмаса сендерді қорқып школға алмап еді. Сендер оқысаңдар қараңғыдан жарыққа шыққандай боласыңдар. Бүкіл дүние сендерге жарық болады. Баяғыдан бері қазақ халқы оқымағандықтан, болмаса баласын оқуға бермегендіктен әр уақытта артта қалып жүрміз. Осы уақытта совет үкіметі арқасында теңеліп жұртпен бірдей болып жүрміз, мұнан бұрын біздің қазаққа қай уақытта теңдік тиіп еді. Енді сендер осы уақыттан бастап қой секілді мінезді тастап ғылымға тырысып адам болу керек. Енді сіздерге айтатын соңғы сөзім: тек пішен шауып, мал бағып, қызмет істеп жүргеннен басқа ешнәрсе бітірмей жүргенше қазақтың жас балалары сіздерге де басқа халықтардай школда оқып ғылым үйреніп адам болу керек.

Әмірғали Мұхмидов

Еңбекті қызметтің бірі

Үстіміздегі 23 жылдың егін өсімін өткізу үшін үкімет тарапынан 20572 мың пуд астық әзірленіп, бұл сан тұқымдық үшін ашыққан коммуналарға ғана қарыз иесіне беріледі. Бұл үкіметтің шет падишалықтарға шығарып машина, жер құралдары һәм басқа сол секілді, дүниелер алдыруға әзірленген астығы. Бұл астық жәрдем ретінде ғана қайда берілсе, келер жыл қайтарылуы тиіс. Біздің үкіметтің алдында үлкен үш түрлі міндет тұр: Бірі, қазіргі одақтағы егін көлемін кемітпей бұрынғы межеге апару. Екінші, егіннің жемісті жағын молайтып өсіру (бидай, сұлы, шағыр һәм басқалар). Үшінші, бұрынғы әртүрлі кәсіп етіп келе жатқан ауданның кәсіптерінің түрін бұлжытпай шаруашылықты молайтып, шетке шығаратын мүліктің көзін көбейту. Осы міндет пен кіндік жер комиссариатын бұл тұқымдық астықты алып, орындардың өкілдерін шақыратын мәслихатында болып отыр. Бұл тұқымды піскен уақытында аузына салып қоймай, жерге шашып келер астық шыққан уақытта қайтарып беруге инабатты адамдарға беріледі.

Тұқым алған уақытта әр адамның, болмаса ауданның жерге алынатын нәрсесі; жердің қандай егін беретіндігі, жер құралдарының қандай екендігі һәм көлік күшінің шамасы қандай екендігі. Бұның өсімі деп үкімет халыққа ешнәрсе салмайды. Тек ол тұқымдардың әр орындарға барып жеткенше бір жыл расқұты болмаса егін шыққан соң берілген тұқымды кері жинап беру расқұты халықтың өз міндетінде болады. Ол үшін қазіргі уақытта кіндік жер комиссариатына 23-ші жалақы ақша иесі 50 миллион ақшаға кредит ашып отыр. Бұл тұқымды әр бір коммуналық жер бөлімі мен немесе коммуналық атқару комитетімен алған астықты еш шығынсыз ОРВ-ның машинамен апартқызып, шарт жасап береді. Бұл бидайды кіндікте бөлген уақытында да, жөнелтілер уақытындағы күллі ауыртпалықты жер комиссариаты өзінің міндетіне алады. Әр жерде складтар, кооператив, ау… орындары тұқым беріліп болғанша жер комиссариатының билігінде болады. Әр апта коммунадағы жер бөлімдерінде ол тұқымды бөліп алу туралы бар күштерін шегіп, құшағын қарсы жаюға міндетті. Алған тұқымдарды қаладан ауылға дейін тасып апару халықтың өз міндетінде, бұны өз мойнына алуға тиіс. Енді жаз жақындап тұқым астықтың қарасы көтеріліп коммуналарға бөліп жатыр. Бұл қызметті шаруа халқы жадына алып тұқымды жазғы түрі мезгілімен тасып алуға көлік, қапшығын әзірлеп еңбекті қызметтің дайын тұруға керек.

Қызылту

Жауапты редактор: Утеулиев

«Ерік» газетінің алғашқы санын төте жазудан тәржімалаған – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің аға оқытушысы Нұрбақыт Уәлибай

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button