"ATYRAÝ"-ға 100 жыл!
Досым деп жүргенім…
Біз студенттік кезден дос едік. Кейін шаңырақ көтердік, үбірлі-шүбірлі болдық. Отбасымызбен араласып, ағайыннан кем болмадық. Бір күні ол маған келіп:
– Әбеке, маған банкіден несие алып берші, көмегің болсын. Төлейтін – өзім, ол жағын уайымдама! — дегені. «Оның не әңгімесі бар, алып берсем, алып берейін» дедім. Содан бастапқы бір-екі айын төледі де, қалған айларын маған қалдырды. Өзіне де, әйеліне де барып айттым – ешқандай өзгеріс жоқ. Содан бері бір миллион теңгені үстеме пайызымен төлеп келемін.
Қазір бір-бірімізбен араласпаймыз. Тіпті көрместей болып кеттік. Дүниеде сенген досыңның қасыңа айналғаны қиын екен…
Әлімбай ҚАРАМОЛДА,
Исатай ауданы.