Аймақ басшысы облыстық «Atyray’» қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдық мерейтойымен құттықтады

img 9994 "ATYRAÝ"-ға 100 жыл!

Бүгін М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында облыстық «Atyray’» қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдық мерейлі мерекесіне арналған «Қалам ұшындағы ғасыр» атты салтанатты кеш өтті. 

Іс-шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов, ҚР Парламент депутаттары, мерейтойға еліміздің әр өңірінен арнайы шақырылған медиахолдинг басшылары, өңір журналистикасының дамуына үлес қосқан ардагерлер қатысты. 

img 9996

Жиында сөз сөйлеген облыс әкімі редакция ұжымына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің құттықтау хаттарын оқып, газет ұжымына табыстады.

img 9998

Ғасырлық тарихы бар еліміздің ең басты газеттеріміздің бірі Атырауды мерейлі тойымен құттықтаймын! Ғасырлық тарих ұрпақ сабақтастығына байланысты болса керек. 1923 жылдан қазіргі күнге дейін осындай даму эволюциясында өзінің даңғыл жолын салып келе жатқан, айнымас дәстүрі бар облыстың бас газеті қазір Тәуелсіз Қазақстанның нағыз жанашыры, қажымас қайраткеріне айналса, ол бір күннің ісі емес. Еңбегін еш, тұзын сор қылмай, ұрпақ сабақтастығына айналдыра білген бірнеше буынның ортақ жетістігі. Газет ұжымы қажет жерінде ағысқа қарсы жүзіп, ылғи да облыс тұрғындарының мұң-мұқтажын жоқтап, ар-намысын қорғады, олардың әлеуметтік мәселелерін батыл көтере білді. Осы қам-қарекеттің арқасында құлай сенген оқырманы азаймады. Қаламдарыңыз мұқалмай, жазарыңыз таусылмасын,– деді С.Шәпкенов. 

img 9993

Сондай-ақ шара барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Е.Қошановтың құттықтау хаты табысталып, бірқатар журналист Мәжіліс және Сенат Төрағаларының алғыс хаттарымен марапатталды. 

img 9997

Сонымен қатар «Atyray’» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Назарбек Қосшиев, аға тілшілер Майра Оразғалиева мен Дәулетқали Аруев, шолушы Гүлжан Әмірова  «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілерімен, ал газет ардагері Бағзай Супьянова «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. 

Анықтама үшін: Облыстық «Atyray’» қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны «Ерік» деген атаумен 1923 жылдың 1 сәуірінде шықты. Аптасына екі рет басылатын газет бүгінде 5 мыңнан астам тиражбен тарайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз