Жарнама
Әлеумет

«Ұлттық қор — балаларға»: 9 милионнан аса АҚШ доллары аударылды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 1 сәуірдегі жағдай бойынша 9,30 млн аса АҚШ долларын аударған. 83 937 өтініш орындалған. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ мәлім етті.

Тұрғын үй жағдайын жақсартуға 47 358 өтінім орындалып, 5,24 млн жуық АҚШ доллары төленді.
Тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу — 42,48 мың АҚШ доллары.
Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) — шамамен 35,71 мың АҚШ доллары.
Білім беру бойынша бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (3,42 млн АҚШ долларына 30 521 өтініш қанағаттандырылып, 2 352,7 мың доллар төленді.

Оның ішінде: Білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру бойынша 3 616 өтініш орындалып, 383,60 мың АҚШ доллары бөлінген.
Шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге 106,04 мың АҚШ доллары бөлінген.

Биыл еліміздің азаматы болып есептелетін барлық балаларға Қазақстан Ұлттық қорынан екінші рет қаражат есептелді.

Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.

Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады.

kaz.inform.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button