Жарнама
Әлеумет

Сақтану да сауаттылықты қажет етеді

Шыны керек, өмірін Аллаға ғана аманаттап үйренген қазақ үшін «өмірді сақтандыру» тіркесі таңсық тақырып. Иә, дамыған елдерде өмірді сақтандыру әдеттегі жағдайға айналса, бізде бұл тенденция енді ғана қарқын алып келе жатыр деуге болады. Өмірді қалай сақтандырамыз? Ат-тонымызды ала қашып, біз үркіп жүрген «өмірді сақтандыру» не үшін қажет? Қазақстандық сақтандыру нарығының қызметі қандай?

Біз пікірін білмек болып хабарласқан «Халық-Life» АҚ-ның Атырау облысындағы филиалының директоры Гүлнар Жұматова әңгіменің әлқиссасын кеңес беруден бастады.

Білгеніміздей, өмірді сақтандыру Қазақстанда кенжелеп тұр. Әлі де даму үстінде десек, артық айтқанымыз болмас. Ең алдымен, бұл қазақстандықтар арасында сақтандыру мәдениетінің төмен деңгейімен байланысты, әрине. Көп жағдайда тұрғындар өмірді сақтандыру полисін неге сатып алу керектігін әлі түсіне бермейді екен. Елдегі сақтандырудың дамуын тежейтін тағы бір негізгі фактор, ол – халықтың төлем қабілеттілігінің төмендігі. Орташа алғанда, қазақстандықтар табысының 60-70% — азық-түлікке жұмсайды екен. Бюджеттің қалған бөлігі балаларының оқуына, медициналық қызметтерге ақы төлеуге, киім сатып алуға және т.б. маңызды мақсаттарға бағытталады.
— Әрине, өмірді ерікті сақтандыру саласының дамуы көбінесе ел экономикасының жай-күйіне, оның даму деңгейіне, адамдардың әл-ауқаты мен сақтандыру мәдениетіне байланысты.
Өмірді сақтандырудың ұзақ мерзімді жинақтаушы шарттарын көбіне табысы ортадан жоғары жандар жасайды. Бүгінде біздің компаниямызда ең танымал бағдарламалардың бірі ол «Халық –Қазына», қаражатты валютада жинақтаумен қатар, оған 4,2 пайызы мөлшерінде кепілдендірілген инвестициялық табысты ұсынады. Сонымен қатар, күніне 200 теңгелік жарнаны жасауға мүмкіндік беретін «Life — Персона» полисі бар, әрі осы полис бойынша шарт аяқталған соң жинақталған сома клиентке қайтарылады. Біздің өнімдердің түрлері әр түрлі санаттағы адамдарға арналған. Әрі біз барлық өнімдерді барынша онлайн сатып алуға мүмкіндік жасап келеміз, — дейді «Халық-Life» АҚ-ның Атырау облысындағы филиалының директоры Гүлнар Жұматова.
Компанияда өмірді классикалық жинақтаушы сақтандыру шарттарының 85% -дан астамын әйелдер, 15% – 16%-ы ер адамдар жасасады делік. Бұл ретте әйелдерде сақтандыру жарнасының мөлшері жылына шамамен 120 -140 мың теңге, ерлерде-жылына 150 -160 мың теңге. білгеніміздей, көпшілігінде мұндай сақтандыру шарттары 15 жыл мерзімге жасалады екен.
Сондай-ақ, «Халық-Қазына» өнімі бойынша сақтандыру шарттарын жасасқан клиенттерге талдау жасаған кезде олар сақтандыру жарналары мен сақтандыру төлемдері АҚШ долларының ағымдағы бағамы бойынша ескерілетін көрінеді, бұл тұтынушылардың жинақтарын валюта бағамының ауытқуынан қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Ал, аталған бағдарламаға ер адамдар көбірек қызығушылық танытады. Пайызға шаққанда 51% шамасында екен, ал 49% -ға жуығы әйелдердің үлесінде. Алайда, жарналардың мөлшеріне қарай, ер адамдар әйелдерге қарағанда көбірек инвестиция салады. Осылайша, әйелдер үшін сақтандыру жарнасының орташа мөлшері 20 млн. теңгені, ерлер үшін 44 млн. теңгені құрайды. Естеріңізге сала кетейік, бұл бағдарлама бойынша сақтандыру сыйлықақысы бүкіл сақтандыру мерзімі үшін бірден төленеді, сондықтан жарналардың сомасы қомақты болады.
Біз Атыраудағы «Halyk life» кеңсесіне барғанымызда алдымыздан шыққан Қайрат Бектен есімді тұрғын салымын салғанын жеткізіп, замана ағымынан қалмай, заманауи дүниенің игілігін көру қажеттігін айтады. Өзі дән риза. Әрине, өмірді сақтандыру бағдарламасының түрін таңдамас бұрын, өнімнің барлық шарттарымен мұқият танысу қажет. Мүмкін болатын тәуекелдерді шешетін және өтілімдері жоғары өнімді таңдаған дұрыс. «Естеріңізде болсын, әр сақтандыру бағдарламасында әр түрлі қосымша өтелімдері бар. Мысалы, «Бәйтерек» бағдарламасы бойынша қосымша 6 өтелімі бар. Ашып айтар болсам, жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болған жағдайда қосымша төлем, жазатайым оқиға нәтижесінде I немесе II топтағы мүгедектікті белгілеу, жазатайым оқиға нәтижесінде дене жарақатын салу, ауыр сырқатты диагностикалау, еңбекке қабілеттілігін уақытша жоғалту мүмкін» дейді бұл саланы әбден зерттеп, меңгерген ол. Өйтпегенде ше, қазір жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған сақтандыру компаниялардан аяқ алып жүре алмайсыз. Зерделеп, айырмашылықтары мен пайдалы тұстарын салыстырған дұрыс-ақ.

-Одан соң бұл жердегі ақша сенімді “қолда” тұрады. Банкротқа ұшырайды деп қорықпауға болады, өйткені олар өз өздерін сақтандырып қойған. Бірнеше миллиондап алсам да, зейнетақы ретінде бөліп алсам да болады. Негізі сақтандыру компанияларының мамандарымен ақылдасып алған жөн,- деп қосты Қайрат Мұратұлы. Иә, “шымшық сойса да қасапшы сойсын” демей ме біздің қазақ.
Ғаламтордан шетелдік қарттардың шет ел аралап, өмірдің рахатын көріп жүргеніне таңғалып жатамыз. Расында олар зейнетақының көмегімен ғана емес, осындай сақтандыру қорына жинаған қаржысын да пайдасына жаратып жүр. Сонымен қатар, “жаман айтпай, жақсы жоқ”, егер жарақаттанып не болмаса ауруға шалдыққан жағдайда қордағы қорыңыз арқылы өзіңізді өзіңіз қамтамасыз етуге мүмкіндік бар.
Айтпақшы, сақтандыру компанияларын таңдаған кезде де сауаттылық қажет. «Халық-life» АҚ-ның Атырау облысындағы филиалының сату жөніндегі менеджері Сарагүл Асиеваның айтуынша, сақтандыру компанияларының сенімділігін бағалау үшін маңызды қаржылық көрсеткіштерге мән беру қажет.

-Біріншіден, активтер. Бұл компанияның қаражаты, оның ішінде мүлік, материалдық құндылықтар, инвестициялар жəне т.б. активтердің өсуі компанияның қызметін оң сипаттай алады. Ол жиналған сақтандыру сыйлықақыларының өсуіне байланысты болса, əрине. Екінші – сақтандыру резервтері. Бұл сақтандыру компаниясы алған сыйлық ақылар есебінен құралатын жəне өзіне алған сақтандыру міндеттемелерін орындауға арналған қор. Тұрақты сақтандыру компаниясы сақтандыру резервтерінің тұрақты өсуімен сипатталады. Ал, үшіншіден, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің көлеміне маңыз беру қажет. Бұл көрсеткіштер сақтандыру компаниясының бизнес көлемін көрсетеді. Бұл ретте сақтандыру төлемдерінің сақтандыру сыйлықақыларына ара қатынасы жүргізілген төлемдердің деңгейін көрсетеді жəне сақтандыру компаниясының клиенттерге өтемақы қалай төлейтінін, оның сақтандыру бизнесінің қаншалықты шығынға ұшырағанын жəне компанияда тəуекелді бағалау қаншалықты дұрыс жүргізілгенін көрсетеді- дейді сала маманы.
«Халық-life» АҚ-ның Атырау облысындағы филиалының директоры Гүлнар Жұматовадан білгеніміздей, өткен жылдың қорытындысы бойынша 215 миллион теңгеге Сақтандыру жинақтау шартын 700 -дің үстінде клиентпен келісім — шарт жасақталған болса, осы жылдың сегіз айының ішінде 265 миллионға келісім — шарт жасалыпты. Былтырғы 12 аймен салыстырғанда биылғы 8 айдың көрсеткіші не 900 —дің үстінде клиент өмірін сақтандырып үлгерген.
Сандар алдамайды, “сақтансаң сақталатынын” қаржылық сауаттылар ғана түсініп, игі іске қаражатын да құйып отыр. Өйткені, өміріңнің иесі өзің ғана!
Рита ӨТЕУҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button