Жарнама
Әлеумет

Ерекше балаларға әлеуметтік көмек төленді

Махамбет ауданында мүгедектігі бар балаларды үйде оқыту шығындары өтелді. Бұл туралы аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жексенбай Пазулов хабарлады.

–Құзырлы бөлім арқылы былтыр үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедектігі бар 27 балаға 2,7 млн. теңге әлеуметтік көмек төленді. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын тауып, осы жылға 4,2 млн. теңге әлеуметтік көмек қарастырылып отыр, — дейді Ж.Пазулов.

Айта кету керек, жыл басынан бері ауданда 756 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Махамбет ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button