Әлеумет
Құлсарыда баспана пайдалануға беріледі
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Жылыой ауданына жұмыс сапарымен келіп, Болашақ ықшамауданында салынып жатқан 100 үй құрылысының жүру барысын тексерді,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Тасқыннан үйі зардап шеккен тұрғындарға арналған баспана құрылысы өндірістік кестеге сай жүріп жатыр.
Жалпы аумағы 100 шаршы метрлік үйлердің 77-сінің іргетасы құйылды, 62-сінің қабырғасы қаланды, 12-сінің төбе жабындысы жабылуда.
Құрылысқа жергілікті 8 мердігер мекеме және 209 жұмысшы жұмылдырылды. Үйлер қыркүйекте бастап беріледі.
Вице-министр жауапты басшыларға жұмыс күшін көбейтуді, құрылысты бекітілген кестеге сай аяқтауды тапсырды.