Жарнама
Әлеумет

«Үміттен» күтер үміт көп

Бүгінде елімізде әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Үміт» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. «DAMU» бизнесті дамыту қоры, «Банкцентркредит», басқа да банк мекемелері арқылы қаржыландырылатын бұл бағдарлама шеңберінде әйел кәсіпкерлердің жеке ісін ашып, оны әрі қарай тиімді де табысты дамытуына мемлекеттік қолдау көрсетіліп, кең мүмкіндіктер көзделген.

Берілетін несиенің басты мақсаты – инвестициялау, айналым қаражатын толықтыру. Берілетін несиенің сомасы 100 млн. теңгеге дейін. Қаржыландыру мерзімі: инвестиция бойынша 84 ай немесе 7 жыл; айналым қаражатын толықтыру бағытына 36 ай немесе 3 жыл. Жылдық ынталандыру мөлшерлемесі 16,5%. Несиенің әрекет ету мерзімі 2031 жылдың 1 сәуірінде аяқталады. Осындай ақпараттарды алға тартқан «Банкцентркредит» АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Айзада Қайратқызының айтуынша, әйелдер арасындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағытында бағдарлама аясында бұдан басқа да оларды қолдау шаралары қолға алынып отырғанын, сол себепті оған арнайы жасақталған тізілімге енген, несиелендіру шарттарына сәйкес келетін бизнес өкілдері қатыса алатынын атап өтті.

Ал, шараны ұйымдастырушы «Қазақстандық кәсіпкер әйелдер одағы» қауымдастығының өкілі — «Шапағат» үкіметтік емес ұйымы» қоғамдық бірлестігінің президенті Айгүл Баямирова басқосуда кәсіпкерлерге теориялық және тәжірибелік тұрғыдан керекті кеңестер мен толғантқан сауалдарына жауап қайтаруға баса назар аударылғанын жеткізді. Бұл ретте шараға қатысқан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Нұрдәулет Жұмасейітов, ішкі саясат басқармасы жанындағы азаматтық қоғам орталығының басшысы Жаннат Досқалиева, Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің бас маманы Баян Сибатова, камералдық мониторинг басқарамасының №2 бөлімінің басшысы Серіккерей Қуанов өз салаларына қарай әңгіме тиегін ағытты. Атап айтқанда, «Жеке тұлғалардың жергілікті бюджетке төлейтін салықтары», «Мүліктік табыс», «Жалпыға бірдей декларациялау», «Кіші және орта бизнес субъектілеріне салынатын салықтар мен төлемдер», «Бөлшек салық арнайы режимі», «Әлеуметтік кәсіпкерлік және үкіметтік емес ұйымдардың декларациясы және өзгерістер» тақырыптарын тарқатты. Кәсіпкерлер мен қоғам белсенділеріне теориялық және тәжірибелік тұрғыдан керекті кеңестер мен бағыт-бағдар берді.

Дәулетқали АРУЕВ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button