Мұнай-газ химиясында кадр әлеуетін қалай арттырамыз?
Бұл туралы UTEBAYEV UNIVERSITY-де мұнай-газ химиясы саласын кадрлармен қамтамасыз ету бойынша өткен «дөңгелек үстелде» жан-жақты талқыланды.
Университеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шараның мақсаты – 2024-2030 жылдарға арналған мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту жөніндегі Жол картасының мақсаттарына жету үшін жаңа кәсіби мамандарды даярлау жоспары мен бағдарламасын талқылау.
«Дөңгелек үстелге» мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары, мұнай-газ химиясы саласындағы компаниялар мен қауымдастықтардың өкілдері қатысты. Ұйымдастырушылар қатарында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР Энергетика министрлігі, Атырау облысы әкімдігі, UTEBAYEV UNIVERSITY, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ болды.
–Бүгінгі жиында еліміздің мұнай-газ саласының мамандарын даярлаудың тың жолдарын, мемлекеттік тапсырыс арқылы кадрларды оқыту және тарту, саланың қажеттіліктеріне сәйкес кәсіби білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша үздік тәжірибелерді енгізу сыңды мәселелерді талқылаудамыз, — деді Ғылым жұмыс және инновация жөніндегі проректор Ринат Ысқақов.
Жиын барысында қатысушылар жаңа мамандарды жұмысқа орналастырудың тиімді тетіктерін қарастырып, салалық қиындықтарға дайындық бойынша ұсыныстар жасады. Сонымен қатар, білім беру ұйымдары мен мұнай-газ химиясы компаниялары арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, оқу орындарындағы материалдық бажаны жаңғырту қажеттілігі ерекше аталып өтті.
«Дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша саланың кадрлық әлеуетін дамытуға бағытталған барлық стейкхолдерлер үшін нақты іс-қимыл жоспары көрсетілген қарар қабылданды.