Мүмкіндігі шектеулі жандар күні аталып өтті
Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, олардың проблемаларына назар аудару мақсатында, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынымдарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен қазанның екінші жексенбісі «Мүгедектер күні» болып жарияланды.
Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 75 және 79 мекемесінің қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандардың жанына желеу болып, қоғам назарынан тыс қалдырмау мақсатында тағдыр тәлкегіне түскен балапандарды қуантып қайтты.
“Берсең, балаға бер” демей ме, бұл жолы балаларға түрлі тәттілер салынған кәрзеңке мен сотталғандардың қолынан шыққан жастықтар таратылды.
Біздер мүмкіндігінше жалғызбасты қарттарға, аз қамтылған отбасындағы балаларға, мүгедектерге, жалғызбасты аналарға және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуге тырысамыз, осы орайда көпшілікті қайырымдылық істерде азаматтық белсенділік танытуға шақырамыз.
Марта ӨТЕПОВА,
Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті N79 мекемесі бастығының орынбасары