Жарнама
Әлеумет

Мүгедектігі бар адамдарға қолайлы орта қалыптастыру қажет

Атырау облысында мүгедектігі бар адамдарды қолдау мақсатында «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы шеңберінде бірқатар маңызды бастама жүзеге асырылды. Бұл бастамалар азаматтардың өмір сапасын арттыруға және әлеуметтік теңдікке қол жеткізуге бағытталған.

2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарлама аясында мүгедектігі бар адамдар үшін 259 әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысаны толықтай бейімделді. Бұл қадам өңірде қолжетімді орта қалыптастырып, азаматтардың күнделікті өмірін жеңілдетуді көздейді.

Мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасыларына қаржылай көмек көрсету де басты назарға алынған. Осы бағытта мүмкіндігі шектеулі ересектерге жылына екі рет 77 690 теңгеден әлеуметтік төлем қарастырылған. Ал ерекше балаларға жылына үш рет 105 380 теңге көлемінде көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар, өткен жылы қазан айында қосымша 27 690 теңге мөлшерінде әлеуметтік қолдау төленді. Айта кету керек, төлемдердің көлемі жыл сайынғы айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты артып келеді.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Сурет: baq.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button