Жарнама
Әлеумет

Мектепке дайындық: Әлеуметтік қолдау жалғасуда

Жаңа 2025–2026 оқу жылы қарсаңында мемлекет тарапынан әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға қаржылай қолдау көрсетілуде. Бұл бастама балалардың оқу құралдарын, мектеп формасы мен аяқ киімін уақытылы алуына мүмкіндік береді.

Dauletten.kz таратқан ақпаратқа сүйенсек, қазір ата-аналардың шоттарына жалпы сомасы 20 млрд. теңге аударылды. Бұл қаражат 430 мыңнан астам оқушыны қамтып отыр. Жоспар бойынша барлығы 500 мыңға жуық бала көмекпен қамтылады.

Төлемнің ең төменгі мөлшері – 46 228 теңге. Жалпы, осы мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттерден 23,1 млрд. теңге бөлу жоспарланған.

Қаржылай қолдауға жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, аз қамтылған отбасылардың балалары, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылар, өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар ие болады.

Астана мен Шымкент қалаларында төлем толық жүргізілген. Қалған өңірлерде бұл процесс кезең-кезеңімен жалғасып жатыр.

Айта кету керек, қаржылай көмекті алған ата-аналар қаражаттың мақсатты жұмсалғанын растайтын чектерді ұсынуы қажет.

Қ.ШӘКІРОВ

Сурет: Ашық дереккөз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button