Әлеумет

Келешек үшін декларация тапсыр!

​Жалпыға бірдей декларациялау елімізде кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Мәселен, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап «кіру» декларациясын мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары табыс етті. Екінші кезеңде, 2023 жылы мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары табыс етті. Үшінші кезеңде, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырады. Атырау қаласы бойынша 51 276 жеке тұлға табыс етеді деп жоспарлануда. Төртінші кезеңде, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап- азаматтардың қалған санаттары (мысалы, жеке құрылымдардың қызмкеткерлері, зейнеткерлеп, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалар) ұсынады.

​Жалпыға бірдей декларациялаудың  III кезеңі бойынша заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруы тиіс. Бұл талап әрекетсіз және қызметін тоқтатқан тұлғаларға да қолданылады. Азаматтық кодекстің нормаларына сәкес филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға болып табылмайтындықтан, 2024 жылы филиалдар мен өкілдіктердің басшыларында декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындамайды. Сондай-ақ, 2024 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жеке практикамен айналысатын адамдар ұсынбайды.

​250.00 нысанды декларациясында төмендегідей мәліметтерді көрсету қажет:

• Шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік;

• Шетелдегі банктегі 3,5 млн теңгеден жоғары ( 1 000 АЕК) ақша;

• Шетелдік компаниядағы қатысу үлесі;

• Бағалы қағаздар, цифрлық автивтер (биткондер және т.б.);

• Үлестік қатысу шарты (тұрған ғимыраттағы үлесі);

• Инвестициялық алтын (құйма алтын);

• Зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері;

• 34,5 млн.теңге (10 000 АЕК) шегінде қолма-қол ақша;

• Басқа тұлғалармен нотариалды куәландырылған қарыз шарттары;

• Құны 3,5 млн.теңгеден асатын басқа да мүлік (қалауы бойынша) (мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлар және т.б).

Кейін жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00 нысан) ұсынылады, онда күнтүзбелік жыл ішінде алынған кірістер, Қазақстанда және шетелде мүлікті сатып алу не иеліктен шығару туралы мәліметтер, сондай-ақ оларды иемденуге жұмсалған шығыстарды жабудың көздері көрсетіледі.

Декларацияны 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет. Декларацияны «Салық төлеуші кабинеті», «Электрондық үкімет» веб-порталдары, «E-salyq azamat», Halyk, Bank CenterCredit мобильді қосысшалары арқылы ұсынуға болады. Сондай-ақ азаматтар декларацияны қағаз нұсқада пошта арқылы немесе өздері барып ұсынуға құқылы.

Айбол АМАНОВ

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button