Жарнама
Әлеумет

Махамбетте Отбасын қолдау орталығы жаңа ғимаратқа көшті

Махамбет ауданында Отбасын қолдау орталығының жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев, орталық қызметкерлері, қоғам белсенділері мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа орталық заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда келушілерге жайлы жағдай жасалып, әлеуметтік қызмет көрсету сапасы жақсаруы күтілуде.

Салтанатты іс-шара барысында аудан әкімі мекеме ұжымына Haval M6 маркалы жаңа қызметтік автокөліктің кілтін табыстады. Бұл көлік орталық мамандарының шалғай ауылдарға барып, тұрғындарға дер кезінде көмек көрсетуіне мүмкіндік береді.

Ашылу барысында сөз сөйлеген Қайрат Есқабылұлы орталықтың отбасылық құндылықтарды нығайтудағы рөліне ерекше тоқталып, ұжымға сәттілік тіледі.

— Бұл жаңа ғимарат – аудандағы әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған маңызды қадам. Отбасыларға уақытылы көмек көрсету, қиын жағдайда қалған азаматтарды қолдау – басты міндетіміз, — деді аудан әкімі.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button