Жарнама
Әлеумет

Конституция күніне орай 27 мың азаматқа әлеуметтік көмек беріледі

Атырау облысында Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай барлық топтағы мүгедектігі бар азаматтарға елу мың теңгелік біржолғы әлеуметтік көмек төлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

-Аймақта алты мерекеге орай жекелеген санатқа жататын тұрғындарға түрлі көлемде біржолғы әлеуметтік төлемдер беріледі. Атап айтқанда, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні, 30 тамыз – Конституция күні, 25 қазан – Республика күні және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай облыс тұрғындарына әлеуметтік төлемдер жыл сайын беріледі, — деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Жаңылсын Сейдалиева.

Айта кетейік, былтыр мұндай төлем 25 мың адамға берілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button