Жарнама
Әлеумет

Климаттың өзгеруі – өзекті мәселе

Климаттың өзгеруі – бұл экологиялық қана емес, жалпыға әсер ететін және кешенді тәсілді қажет ететін әлеуметтік сынақ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Әзербайжанда өткен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясында атап айтты.

Конференцияның бірқатар сессиясында климаттың өзгеруі жағдайындағы инклюзивтілік және гендерлік теңдік мәселелері, сондай-ақ экологияны қорғау үшін үкіметтер, кәсіподақтар мен жұмыс берушілер қабылдаған шаралар талқыланды.

Республика Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақмәди Сарбасов баяндамасында климаттың өзгеруі тек экологиялық ғана емес, сонымен бірге жүйелі тәсілді қажет ететін әлеуметтік проблема екенін атап өтті.

«Климаттың өзгеруі – бұл жалпыға әсер ететін және кешенді тәсілді қажет ететін әлеуметтік сынақ. Экологиялық тұрақтылық экономика мен қоғамның тұрақты дамуымен тығыз байланысты, бұл халықтың барлық топтарының қатысуы мен күш-жігерін талап етеді», – деді ол.

Бірінші вице-министр Қазақстанда іске асырылып жатқан кешенді шаралар туралы, оның ішінде 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы, Экологиялық және Әлеуметтік кодекстердің ережелері, Инвестициялық саясат тұжырымдамасы және қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар туралы егжей-тегжейлі айтты.

Сондай-ақ А.Сарбасов гендерлік теңдік мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Әйелдер жұмыс орындарын жоғалту тәуекелінің жоғарылауына тап болады, өйткені экологиялық өзгерістермен байланысты тұрақты энергетика және құрылыс мамандықтары негізінен ерлер кәсібіне бағытталған. Біздің климаттық шараларымыз қазір бар теңсіздікті ушықтырмау үшін инклюзивтілік пен гендерлік теңдік қағидаттарын ескеруі керек, бұл ретте керісінше, әйелдер мен басқа да осал топтардың экологиялық өзгермелілікке тең қатысуы үшін жағдай жасалуы тиіс», – деп атап өтті ол.

Бірінші вице-министр сонымен бірге осы экологиялық өзгерістерге байланысты жұмысынан немесе табысынан айырылуы мүмкін адамдар үшін кедейлік және әлеуметтік оқшаулануды болдырмауға қабілетті болатындай әлеуметтік қорғау жүйесін құрудың маңыздылығын атап өтті. Әлеуметтік қорғау бағдарламалары адамдардың жаңа экономикаға енуіне көмектесетін қайта даярлау және бейімделу мүмкіндіктерін қарастыруы керек. Олар жұмыскерлердің жаңа жұмыс орындарына ауысуын қолдап әрі қауіпсіздігін де қамтамасыз етуі тиіс.

А.Сарбасов тиімді құрал ретінде – «Электрондық еңбек биржасын» мысалға келтірді, бұл – жұмыс іздеу және кадрларды іріктеу мүмкіндігі бар жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң.

Сөз соңында бірінші вице-министр еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасын арттырудың, сапалы жұмыс орындарын құрудың және процестің барлық қатысушылары арасындағы әлеуметтік диалогты нығайтудың маңыздылығын талқылады.

Өз тілшіміз

Коллаж: atr.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button