«Келешек кеңею»: қызметкерлердің 93%-ы әлеуметтік қолдаумен қамтылған
ТШО-ның Келешек кеңею жобасы (ККЖ)жобасы бойынша 60 мыңнан астам адамжұмыс жасаған, бүгінде құрылысжұмыстарының аяқталуына байланыстыжобада 10800 қазақстандық және 1000шетелдік азамат еңбек етуде, депхабарлайды АtyrauРress тілшісі.
Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру жәнеәлеуметтік бағдарламалар басқармасыныңбөлім басшысы Гүлболат АМАНҒАЛИЕВАНЫҢайтуынша, биылғы жылы ККЖ-нан 11 155адам босатылған, оның 4 104-і (37%) — облыс тұрғындары. Құрылыс жұмыстарыныңаяқталуына байланысты 2024 жылы»Теңізшевройл» компаниясының болжамынасәйкес 18 713 қазақстандық азаматты босатужоспарланды, оның ішінде 7 089 адам (38%) -облыс тұрғындары.
Жұмыспен қамту басқармасы өкілініңақпараты бойынша, жобадан қанша адамқысқартылып жатқанын және олардың қалайжұмысқа орналасатынын бақылау үшін Еңбекминистрлігі, Атырау облысы әкімдігі мен ТШОарасында Жол картасы бекітілген. Мәселен,жобада жұмысынан айырылған 4 104адамның 93%-ы (3 806 адам) әлеуметтікқолдау шараларымен қамтылған. Оның ішінде1 379 адам тұрақты жұмыс орындарына, 37адам қоғамдық жұмыстарға, 9 адамәлеуметтік жұмыс орындарына, 10 адамжастар тәжірибесіне, 7 адам «Күміс жас» жобасына орналастырылды.
Жұмыстан басқа, босатылған қызметкерлергекәсіпкерлік негіздеріне оқыту және бизнестідамытуға қайтарымсыз гранттар ұсынылады.57 адам «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқытылды, оның ішінде 35 адам сертификаталды.
Сонымен қатар, «Бастау-Бизнес» жобасыаясында кәсіпкерлік негіздері бойынша білімалған 5 адам 400 АЕК (1 476 800 теңге)көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік гранталып, өз ісін бастады. Атап айтқанда, олар, яғни, көпбалалы отбасылардан шыққан жұмыссыздар пластикалық терезелердіорнату бойынша жұмыстардыұйымдастыруға, дәнекерлеу цехын, жиһазжасау шеберханасын құруға, автомобильдердің кондиционерлерінжөндеуге және төсеніштерді өндіруге гранталды.
Осы орайда, Гүлболат АМАНҒАЛИЕВА ККЖ-нан босатылған қызметкерлерге мемлекеттағы қандай көмек көрсететінін айтыпберді.әлеу
— «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқытылғандардың ішінен қазіргі уақыттаөз ісімен айналысатын 31 жеке кәсіпкербар. 2 271 адамға жұмысынан айрылубойынша әлеуметтік төлемдертағайындалды. Сонымен қатар,жұмыссыздар мен жобадан босатылғаназаматтар үшін ТШО жыл сайынжұмысшы мамандықтары бойынша кадрларды қайта даярлау курстарынұйымдастырады. Биылғы жылы 225 адамоқуға жіберілді, оның ішінде бүгінгі таңда131 адам 4 мамандық бойынша (электромонтажшы, металл конструкцияларын дәнекерлеуші, БӨП монтажшысы, құбыр монтажшысы)оқуын жалғастыруда, — деді ол.
Бұл мәселе әкімдіктің тұрақты бақылауында.ТШО-ның жауапты қызметкерлерімен бірлесіпай сайын мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдармен деректердісалыстыру, бос жұмыс орындарынаорналастыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Жанат Шаяхметова,
Аударған – Амандық Сағынтайұлы