Жарнама
Әлеумет

Іздеген жанға   жұмыс табылады

Биылға арналған Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында облыста 31 мыңға жуық жұмыс орнын құру көзделіп отыр. Оның 23 мыңы – тұрақты жұмыс орындары.

Жартыжылдықта облыста 11 244 жұмыс орны құрылып, оның 5 мыңға жуығы тұрақты болды. Ұлттық жобалар мен даму тұжырымдамалары ауқымында 2 531 жұмыс орнын ашу жоспарланып, қазіргі таңда 1 163 жұмыс орны құрылған. Бұл мәліметтер «Интеграциялық жұмыс орындарын құру» ақпараттық жүйесі арқылы еңбек биржасына тіркелген.

Биыл әлеуметтік қолдау шараларымен 42 мың адамды қамту жоспарланған. Оның ішінде 10 мыңнан астамы ваканттық жұмыс орындарына, 2 639 адам қоғамдық жұмыстарға, 2 283-і жастар практикасына, 478 жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасына, 1 500 адам «Күміс жас» жобасына бағытталады. Сонымен қатар 230 адам грантқа, 220 жас микронесиеге, 1 880 адам онлайн оқуға жіберіледі,- деді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Полымбет Хасанов.

Бүгінге дейін 13 401 жастың жұмыспен қамту бойынша хабарласқаны белгілі болды. Оның ішінде 3 083-і жұмысқа орналасып, 6 515-і кәсіптік бағдармен қамтылыпты. Ал бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 2 344 адам қатысса, 587-сі жұмысқа орналасқан.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button